26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намаз әлде йога? Адам денсаулығына қайсысы пайдалы?

Намаз әлде йога? Адам денсаулығына қайсысы пайдалы?

Намаз

Бүгінде йога дегенді білмейтін адам жоқ шығар. Үнді елінен бастау алатын бұл ілімнің қай кезде, қалай шыққаны белгісіз. Оның 5000 жылдық тарихы бар Үндістанда пайда болғаны ғана белгілі. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде 20 миллионға жуық адам осы йогамен айналысады екен.

Йога сеанстарында көзді жұмып, ештеңе ойламай, толассыз ағылған ақыл-ойды тізгіндеуге тырысып, ойдағы ойларды шығарып тастап, содан кейін дененің қимылын тоқтатып, қозғалыссыз тұру сияқты қимылдар бар. Бұл әркеттермен белгілі бір ауруды емдеу, күйзелісті кетіру, тәндік және рухани саулықты сақтау сияқты мақсатты көздейді.

АҚШ-тағы Филадельфия Томас Джефферсон университетінде йога сеанстары кезінде жасалған зерттеуде йога кортизол деп аталатын күйзеліс гормонын түсірген. Бұл зерттеуге дені сау 16 адам қатысып, олар 8 күн ішінде 48 тәжірибеден өткен. 50 минуттық йога сеансынан бұрын және кейін жасалған қан талдауларының 42 талдауында 1 күнмен салыстырғанда 8 күндегі өлшемдерде кортизол гормонының мөлшері қатты азайғаны анықталған.

Аталмыш университетте зерттеу жүргізген жүйке жүйесі ауруларының маманы профессор Бернард йога денедегі адреналин гормонына оң өзгерістер енгізеді деген тұжырымды қуаттайды.

Зерттеулерде медитацияның (ой жүгірту) жүрек қағысын, тыныс алып беруді баяулатқаны, дененің көміртегіні жұмсауы мөлшерін төмендеткені айтылады. 4-5 сағаттық ұйқыда дененің оттегіні жұмсау мөлшері 8% болса, бірнеше минуттық тәфәккур (терең ой) (хушуғтың бір түрі) арқылы 10-17% оттегіге қол жеткізуге болады.

Зерттеу нәтижелері бойынша бір денеге немесе сөзге қатысты ой жүгіртуге болатын болса, бір топ сөзге де (мысалы, ағаш, гүл, жеміс, Алла, Лә иләһә иллаллаһ) ой жүгіртуге болады. Адам санасындағы жаман ойлардан арылып, белгілі бір тақырып немесе сөзге байланысты үнсіз ой жүгіртсе және мұны кейбір қимыл-қозғалыстармен қуаттаса, рухани әсерімен қоса денеде де кейбір физиологиялық әсерлер пайда етеді.

Адамның дәл осы сәтке зейін қоюы – бұл йоганың артықшылығы. Бұған әкелетін йоганың компоненттерінің бірі – медитация. Бір сөзбен айтқанда, бұл ақыл-ой гигиенасы.

Қазіргі уақытта табысты, жетістігі мол деген әйгілі адамдардың басым көпшілігі туралы ақпарат оқысаңыз, екінің бірі медитациямен айналысады. Психологиялық тренингтердің ішінде міндетті түрде медитацияның болуы бүгінгі күнде қалыпты жағдай. Медитацияны жүйелі түрде қолданатын адамдардың есте сақтауы, мәселелерді тез шешу қабілеттілігі артады. Олардың бөгде ойларға беріліп кетпеуі бұған да себепші болар. Алайда намаздағы қимылардың адамға берер пайдасы осы йогадан қаншама есе артық. Негізі, тағдил арканмен оқылған намаз бен йоганың қимылдарының арасында жақын ұқсастық бар. Әйтсе де, намаздағы хушуғ пен қимылдар йогаға қарағанда жан-жақты және тигізер пайдасы мол. Сондықтан йогамен шұғылдану намаздың тек бір бөлігін ғана орындау деп айтуға болады. Екеуінде де ой жүгірту, ойлану, хушуғ, тыныштықта тұру, қиялдау, ақырын әрекет ету және күту бар. Алайда намазда бұл қимылдардың барлығы Алла разылығы үшін және сүннетке сай жасалады. Намаз сүннетке сай оқылу шартымен йоганың адамға беретін материалдық және рухани пайдаларын еселеп әрі ақысыз береді. Йогамен айналысушыларға қарағанда намаз оқитындар намаз арқылы материалдық, рухани және ақыреттік ақы алып, қаншама пайдаға еселеп қол жеткізеді.

Намаздың сүннетке сай және хушуғпен оқылуы – намаздың дұрыс болуының шарттарының бірі.

материал «Құпияға толы намаз» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: