26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Неліктен жолаушы намазды қысқартып оқиды?

Неліктен жолаушы намазды қысқартып оқиды?

Намаз

Қазіргі жол жүру үрдісі бағзы замандармен салыстырғанда, жетілген әрі қолайлы болғанымен, сапарға шыққан адамның үйреншікті өмір салты бәрібір өзгереді және жайсыз жағдайдың пайда болу мүмкіндігі де арта түседі.

Сондықтан, мұсылмандардың намаздарын уақытында орындауына жеңілдік беру үшін сапар барысында намаздарды қысқартып оқуға шариғатта рұқсат етіледі. Әбу Ханифа мәзһабы бойынша сапарда төрт рәкат парыз намаздарды қысқартып екі рәкат етіп оқудың үкімі – уәжіп. Бұл жайлы Құран Кәрімде: «Қашан жер жүзінде сапарда болсаңдар, намазды қысқартуда күнә жоқ» делінген («Ниса» сүресі, 101-аят).

Сондай-ақ намазды қысқартып оқу хадис және фиқһ ғалымдардың бірауыздан қабылдаған пікірімен де (ижма) бекітілген. Намаздарды қауіп төнген жағдайда да, қауіпсіз жағдайда да қысқартып оқуға болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл мүмкіндікті жол жүргенде: қажылық  пен ұмра (кіші қажылық) кезінде және жорыққа аттанған кезінде де қолданған. Бұның дәлелдерінің бірі ретінде келесі хадис жеткізілген. Яғла ибн Умайя бірде Омар ибн әл-Хаттабтан былай деп сұраған: «Неліктен біз қауіпсіз жағдайда бола тұра намаздарды қысқартып оқимыз?» Бұған Омар (р.а.) былай деп жауап береді: «Мен Алланың елшісінен дәл осылай сұрадым, ол маған: «Бұл Алланың сендерге берген сыйы. Оның садақасын қабыл алыңдар», – деді» деп түсіндірген (Муслим, Китабус-салә, 1108). Сапарда қысқартып оқитын намаздар мыналар: бесін, екінті құптан. Ал таң, ақшам намаздарының парыздары мен үтір уәжіп намазы қысқартылып оқылмайды.


материал «Ислам дегеніміз не?» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: