26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Дәрет үстіне дәрет алу – нұр үстіне нұр

Дәрет үстіне дәрет алу – нұр үстіне нұр

Намаз

Намаз оқығаннан кейін қайтадан дәрет алу сауап. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Дәреті бар болса да қайтадан дәрет алған адамға он сауап беріледі.» (Ибн Мажа)

«Дәрет үстіне дәрет – нұр үстіне нұр.» (И.Ғазали)

«Машаққат болмағанда, әр намаз үшін дәрет алуды әмір ететін едім.» (И.Ғазали)

«Дәретін жаңартқан адамның иманы жаңарған (нұрланған) болады.» (И.Ғазали)

«Алла Тағала былай деген: Дәрет бұзылған кезде дәрет алмаған адам маған жапа шектiредi. Дәрет алып болғаннан кейін екі рәкат намаз оқымаған адам да маған жапа шектiрген болады. Екі рәкат намаз оқып, менен қажеттілігін сұрамаса да маған жапа шектiрген болады. Дәрет алып, екі рәкат намаз оқығаннан кейін дұға еткен адамның дұғасын қабыл етпесем мен  де оған жапа шектiрген боламын. Алайда мен ешкімге жапа шектiрмеймiн.» (Шира)

«Дәрет алғаннан кейін дәреттен артылған суды ішу жетпіс түрлі дертке дауа. Мұның ең төменгісі – қайғы.» (Дәйләми)

«Дәреттен кейін Қадр сүресін оқыған адамның жетпіс жылдық күнәсы кешіріледі.» (Халеби)

«Дәреттен кейін Қадр сүресін оқыған адам сыддықтардан, екі рет оқыған адам шәһидтерден жазылады. Ал үш рет оқыған адам пайғамбарлармен бірге тіріледі.» (Дәйләми)

«Дәрет алып, екі рәкат намаз оқыған адам жәннатқа кіруге лайық болады.» (Халеби)

«Дәрет алып, екі рәкат намаз оқыған адамның күнәлары кешіріледі.» (Бұхари)

«Жақсылап дәрет алған адамның екі намаз (оқымақшы болған намаз бен келесі намаз уақыты) арасындағы күнәларының барлығы кешіріледі.» (Бұхари)

«Дәреттен кейін он рет салауат айтқан адамның қайғысы кетеді, дұғасы қабыл болады.» (Әййухал уәләд илмихалы)

«Тек (кәміл) мүмин ғана әрдайым дәретті болып жүре алады.» (Ибн Мажа)

 

Әрдайым дәретпен жүретін адамға Алла Тағала мыналарды ихсан етеді:

1) Періштелер оның жанынан айрылмайды.

2) Үздіксіз сауап жазады.

3) Бүкіл мүшелері тәсбих етеді.

4) Ұйықтаған кезде періштелер оны адам мен жынның зиянынан қорғайды.

5) Сәкәрати мәуті, яғни өлім жағдайы оңай болады.

6) Дәретпен жүрген кезде Алла Тааланың қорғауында болады.

7) Ифтитах тәкбірін жіберіп алмайды.

материал «Жүрек сырлары» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: