26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намаз кезінде байқамай қалуы себепті айтылып кететін сөздер

Намаз кезінде байқамай қалуы себепті айтылып кететін сөздер

Намаз

Имам Шафиғи мазһабындағылар «Мұндай жағдайда намаз бұзылмайды» деп есептейді, өйткені намазды бұзатын сөздер тыйым салынған сөздер, ал олардың адам ұмытшақтық себепті айтып қоятын сөздерге еш қатысы жоқ.

Бір күні Пайғамбар (с.а.с.) бесін не екінті намазын орындап жатып алғашқы екі ракағаттан соң сәлем береді6 және сол кезде «Зүл-Ядәйн» деген лақап атқа ие адам Пайғамбардан (с.а.с.): «Уа, Алланың елшісі! Сен бір нәрсені ұмыттың ба әлде намаз қысқарған ба еді?» – деп сұрайды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Мен ешнәрсені ұмытқан жоқпын және намаз да қысқарған жоқ», – деген. Осыдан кейін ол сахабаларынан: «(Мәселе шынында да) Зүл-Ядәйн айтқандай ма?» – деп сұрайды. Олар: «Иә», – деп жауап береді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) (қайтадан) алға өтіп, қалған екі ракағатты орындаған, ал намаз соңында екі сәжде жасап, сонан соң сәлем
берген.

Бұл хадистегі нұсқау-ереже: Пайғамбарымыз (с.а.с.) намаз аяқталды деген оймен сөйлеп қойған және сахабалары (Алла оларға разы болсын) намаздың әдеттегі тәртібі өзгерген екен ғой деп сөйлеуге кіріскен, бірақ осыдан кейін Пайғамбармен (с.а.с.) бірге сахабалары да, жоғарыда айтылғандай қалып кеткен ракағат санын толықтырған. Бұл жайт намаз кезінде бөгде-бөтен сөздер аз айтылған жағдайларға қатысты.

Имам Мәликтің (Алла оған рақым етсін) нұсқауы осындай. Ал ханафилер намаз кезінде бөгде-бөтен сөздің айтылуының өзі-ақ намазды бұзатындығын және мұндай жағдайда байқамай қалу немесе әдейі сөйлеудің бірдей екендігін айтады.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: