26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Дұрыс дәрет алудың әдептері

Дұрыс дәрет алудың әдептері

Намаз

Дұрыс дәрет алудың әдептері:

1. Дәрет алған кезде құбылаға қарау.

2. Уақыт кірмей тұрып, дәрет алып, намазға әзір тұру.

3. Дәрет алған кезде су шашырамас үшін жоғарылау жерде болу.

4. Дәрет алған кезде біреуден себепсіз жәрдем сұрамау. Бірақ біреу қатты қалап, құрмет етсе, әдепке қайшы емес. Муғира ибн Шуғбә сапарда Пайғамбарымыз (с.а.у.) дәрет алған кезде су құйған.

5. Дәрет алған кезде кең жүзіктерін қимылдату. Егер жүзік тар болса, қимылдатып, су кіргізу парыз.

6. Дәретте ауыз бен мұрынға суды оң қолымен алып, сол қолымен шығару.

7. Мойнын мәсіх ету. Кейбір кітаптарда мойынға мәсіх ету – мұстахап, мәндүп, әдеп деп айтылған.

8. Мүшелерді жууға жетерліктей ғана су алу. Теңізде болса да суды ысырап етуден сақ болу. Себебі, суды ысырап ету – мәкрүһ.

9. Дәрет алғанан кейін шаһадат сөзін айту және дұға оқу.

10. Дәрет кезінде зәру бір жағдай болмаса, сөйлеспеу. Өйткені, бөгдемен сөйлескенде дұға оқи алмайды.

11.Дәреттен артылған судан түрегеп тұрып, құбылаға қарап аздап су ішіп, «Я, Алла Тағалам, мені әр күнә жасаған кезде тәубе етіп, күнәлардан бойын аулақ ұстап тазарған салиқалы құлдарыңнан ет» – деп дұға оқу.

12. Дәреттен кейін екі немесе үш рет Қадір сүресін оқу.

13.Дәреттен кейін мәкрүһ уақыт болмаса, екі рәкат нәпіл намазын оқу.

материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: