26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мәсіге мәсіх тарту шарттары

Мәсіге мәсіх тарту шарттары

Намаз

1. Мәсілер аяқ жуылғаннан кейін киілуі керек.

Сахаба Муғира: «Алла Елшісімен бірге болған кезімде ол дәрет алды. Сол кезде мен оның мәсілерін шешуге ыңғайланып едім: «Тимей-ақ қой, өйткені, мен оларды дәрет бар кезде кидім деді» – деп риуаят етті.
2. Мәсілер аяқтың жуылуы парыз болған жерлерін жауып тұруы керек. Яғни, аяқты тобықтарымен бірге жауып тұруы ләзім.
3. Аяққа киілген мәсі кем дегенде 5,5 км-ден артық жол жүруге шыдайтындай болуы керек.
4. Мәсінің бүтін болуы шарт. Ханафи мәзһабында жеңілдік қағидасына сай аз жері ғана жыртылған тесік мәсіге мәсіх тартуға болады. Бірақ тесік аяқтың кіші саусағының өлшемімен үш саусақтан артық болмауы керек. Және бір мәсідегі жыртық жерлері бірігіп, кіші үш саусақтың көлеміндей болса, мәсіге мәсіх тартылмайды. Бірақ екі мәсінің жыртығын қосып, үш саусақтың көлемінен асты деп үкім беруге болмайды.
5. Мәсілердің өздігінен тұра алатындай болуы. Және сырттағы суды дереу ішке тартып алатындай болмауы керек. Шұлыққа мәсіх тартуға болмайды. Бірақ шұлық қалың болып, онда жоғарыда айтылған ерекшеліктер болса, мәсі ретінде саналады. Ханафи мәзһабы бұған рұқсат берген. Мәсіге мәсіх тарту мезгіліне келсек, тұрғынға – бір күн, бір түн, яғни 24 сағат, ал жолаушыға – үш күн, үш түн. Мәсіхтің уақыты – мәсіні дәрет алып киген соң, алғаш рет дәрет бұзылған сәттен басталады. Яғни, мәсіні киген кезден бастап емес, дәрет бұзылғаннан басталады.
Мәселен, таң ертең сағат жетіде дәрет алып, мәсіңізді кидіңіз делік. Содан сағат екіде дәретіңіз бұзылды. Міне осы сағат екіден сіздің жиырма төрт сағаттық мәсіхтік мерзіміңіздің уақыты басталады.

материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: