25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намаз – ақыретке иманмен көшу мүмкіндігі

Аят-хадисте, Ислам ғұламаларының еңбектерінде және жалпы діни практикада намазға қатысты ерекше әсерлі мағлұматтар жетерлік. Енді осылардан хабардар адамның намазға немқұрайды қарауы әсте мүмкін емес.

Ифтитах (намазға бастау) тәкбірі және Қиям

Намазда тік тұру (қиям) – парыз. Алла тағала Құран кәрімде: «Аллаға бойұсынған күйде тұрыңдар», – деген. Ықылас білдіріп, ниет еткеннен кейін тік тұрып, «Аллаһу әкбәр» деп, тәкбір алады. Бұны «Ифтитах тәкбірі» дейміз.

Намаздағы тағдил аркан және хушуғ

Бұхаридің хадис жинағында орын алған бір хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Менің қалай намаз оқығаныма қарап, сендер де солай оқыңдар» деген.

Қателік сәждесі қалай жасалады?

Қателесу сәждесі деп намаз оқушы кісі намаздың уәжіптерін кешіктіріп немесе ұмытқан жағдайда намаздың соңында жасалатын қосымша екі сәждеге айтылады. Араб тіліндегі «сәһу» сөзі қазақ тілінде «қателесу, ұмыту» деген мағынаны білдіреді.

Науқас адамдар намаздарын қалай оқиды?

Ақыл-есі дұрыс кісілер басқа жерлері науқас болса да діни міндеттерден жауапты. Бірақ дініміз бұл діни парыздарды атқару үшін оларға жеңілдік көрсеткен.

Намаз – әдеппен, кішіпейілділікпен Алламен тілдесу

Намаз – құлдың Раббысымен тікелей байланыс құруы. Намаздың мағынасы – Алла Тағаланы пәктеу, ұлықтау және Оған шүкіршілік ету, Аллаға шексіз нығметіне алғыс білдіру, Алла мен құл арасындағы үздіксіз байланыс дегенді білдіреді.

Намаз мына үш себепке байланысты тәрк етіледі

Намазды тәрк ету әсте құпталмайды. Сапар кезінде, үрейлі жағдайда, сырқат т.б. жағдайларда да оқылуы тиіс. Құл ақысынан өзге күнәлардың барлығы тәубе етілсе кешірілетініне үміт бар. Алайда намаз үшін ондай кешірім болмайды.

«Іштей тілек тілеу – жария жетпіс тілекке тең»

Намазда тұрғанда «Фатиха» сүресінен кейін «Әмин» деп дұға жасау – сүннет. Ханафи мәзһабы мен Мәлики мәзһабында бұл дұға іштей айтылады. Өйткені, Құранда Алла тағала: «Раббыларыңа жалбарынып, жасырын түрде дұға етіңдер», – дей келе жасырын айтылған дұғалардың абзал екенін білдіріп тұр.