Намаз – мұсылман болған ер кісі мен әйелге парыз. Кәпірлерге намаз парыз емес.
Жұма намазының шарттары мен сүннеттері
Қасиетті Жұма күнінің өзіне тән шарттары мен сүннет амалдары қандай?
Біз уақыты кірген намазды ғана оқимыз
Қанша жыл өмір сүреміз деп ойлайсыз? Көп дегенде жүз жыл. Одан көпті ешкім қаламайды. Бір сағаттан кейін бе, ертең бе, бір жылдан кейін бе, он жылдан кейін бе, дүниемен қош айтысып кете барамыз. Ешкім оның уақытын біле алмайды.
Он жаста намазды бастадық делік. Қазір жасымыз отызда. Жырма жыл намаз оқыдық, қазір сол оқыған намаздарымыздың салмағын сеземіз бе?
«Қанша уақыт намаз оқимыз?»,-деген сұрақтың «Қашан өлемін?»,-деген сұрақтан айырмашылығы жоқ.
Олай болса қанша уақыт намаз оқимыз?
Тек бір уақыт. Ол – қазір уақыты кірген намаз. Оны оқығаннан кейін одан кейінгі намазды оқуға еш кепілдігіміз жоқ.
Өзімізді өміріміздің соңына дейін намаз оқу үшін емес,тек бір уақыттың намазын оқимын деп дайындайтын болсақ, жалығу туралы сөз болмайды.
Күндік намаздың жиынтығы қырықты құрайды. Бес уақыт намаз қанша минутта оқылады? Қырық минутта. Төрт минуттан жиырма минут дәрет алуға бөлінсін. Осылайша, бес уақыт намаз дәретімен бірге бір сағат уақытты алады.
Бір күнде қанша сағат бар? Жиырма төрт сағат. Жұмыс істеу, қыдыру, оқу, ұйықтау, тамақ ішу үшін күніне жиырма үш сағат уақыт бар. Оның қасында о дүниедегі орнымыз үшін бір сағаттық уақытты ғибадатқа арнау не тәйірі?! Бәлкім керісінше болғаны жөн бе еді...
Нариман Исенов,
«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы
Айт намазының басқа намаздан айырмашылығы
Айт мейрамы намаз оқумен басталады. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өсиетiнде: «Айт күнi бiрiншi орындайтынымыз – намаз оқу», – делiнген.
Пайғамбар (с.ғ.с) заманындағы тарауық намазы
Тарауық намазы – Рамазан айының қасиетiн арттырып, жан-дүниемiздi күнәдан тазартатын ғибадат. Қаншама жүрек осы құлшылықты атқарумен нұрлана түседi.
Тарауық намазын орындаудың артықшылығы
«Тарауих» – «таруиха» сөзінің көпше түрі. Осылай, рамазан айының түндерінде оқылатын, түнгі нәфил намаздар аталған.
Тарауық намазын үйде қалай оқимыз?
Бір жылда бір-ақ рет келетін Рамазан айының түнін құлшылықпен безендірудің сауабы мен пайдасы ұшан-теңіз. Ал тарауық – өткен күнәлардың кешірілуіне жол ашатын, Алла Тағала үшін ең сүйікті намаз.
Бір жылда бір-ақ ай оқылатын намаз
Бір жылда бір-ақ рет келетін Рамазан айының түнін құлшылықпен безендірудің сауабы мен пайдасы ұшан-теңіз.
Тәубе етушілердің намазы
Ата дінімізде Алла Тағала бекіткен парыз амалдардан басқа қосымша құлшылықтардың атқарылу жолдары көрсетілген. Мұндай нәпіл (қосымша) ғибадаттар парыздардың орнын толтыру, құлшылықты кемелдендіру, Аллаға сүйікті болу жолында қажет. Адамды Аллаға жақындататын нәпіл ғибадаттардың бірі – дұха намазы.
Пендені көтеретін жалғыз «жығылу»
Пендені көтеретін жалғыз «жығылу» – ол оның сәждеге бас қойған кезі. Және адамның ең бақытты кезі намазда, намаздағы сəжде.