25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намазда аяқ арасын қаншалықты ашық ұстаған дұрыс?

Ислам – мұсылмандарды белгілі бір тәртіпке тәрбиелейтін дін. Рухтың бірлігіне көңіл аударғаны тәрізді сыртқы көрініске де аса мән береді. Себебі, жүйесіз әрекет рухтың шыңдалуына көлеңкесін түсіріп, ішкі үйлесімділікті бұзатыны ақиқат. Мына әлемде бәрі бір-бірімен байланысты болғандықтан бұл өз кезегінде сыртқы көрініске де кері әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан болар, Алла Елшісі жамағатпен оқылған намазда саптың түзу болуына әрі арада бос жер қалмауына, сондай-ақ, саптың толық болуына айрықша көңіл бөлетін. Бұл жайлы Хақ елшісінің (с.а.у.) бірқатар хадистеріне назар аударайық:

Дұға жасағанда табандылық танытудың маңызы

Дініміз әмір еткен әрбір амал-әрекеттің белгілі мақсат-мүддесі бар. Ал, Аллаға дұға етуден мақсат Аллаға құлшылық етіп, разылығына жету. Ал, әрі қарай берекетке жеткізу Алланың уәдесіндегі іс.

Нәпіл құлшылықтар қияметтің қорқынышын сейілтеді

Құлшылық қашанда Жаратқан Алланың разылығына жетелейтін амал. Ал парыз амалдардан тыс атқарған нәпіл құлшылықтар бізді қияметтің қорқыныштарынан қорғап, сондай-ақ, ұрпақтарымыздың да Алланың панасында болуына себепші болады. Нәпіл амалдарға берік болған жан Аллаға жақындап, соңында Алланың сүйген пендесіне айналады да, «әулие» деген атқа ие болады.

Дәрет пен намазға беріктік

Шариғат бойынша адам баласына балиғат жасынан бастап, ажал келгенге дейін құлшылық етуі парыз. Ал құлшылықтың төресі – намаз. Ал намаздың кілті – дәрет. Сол себепті мұсылман адам әуелі дәретті ұқыптылықпен алуы керек. Дәретке немқұрайлық таныту құлшылыққа нұқсандық келтіреді.

Нәпіл құлшылықтар арқылы дұғаның қабыл болуы

Біздің әрбір атқарып отырған қосымша ғибадаттарымыз Алла Тағаланың сүйіспеншілігіне жеткізумен қатар, арам істерге аяқ басудан сақтайды, сұраған дұға-тілегіміздің қабыл болуына себепші болады.

Бес уақыт намазды жамағатпен оқудың маңызы

Амр ибн Үммі Мәктүм (р.а.) әңгімелейді: «Алланың елшісіне былай дедім: «Уа, Алланың Пайғамбары! Мен екі көзі де көрмейтін адаммын. Үйім мешіттен едәуір алыс.

Жұма намазы не үшін оқылады?

Күндердiң ең ұлығы – жұма. «Жұма» сөзі жинау, бас қосу деген мағыналарды береді. Мұсылмандар бұл күнді қуанышпен қарсы алып, мешіттерде жиналады, үгіт-насихат, уағыз тыңдап, жұма намазын оқиды.

Дүниелік немесе ақыреттік қалауы бар адам дәрет алып, екі немесе төрт рәкағат, басқа бір көзқарас бойынша, он екі рәкағат намаз оқиды. 

Намаз бастаудың оңай жолын іздеп жүрсіз бе?

Cіз намаз оқитын адамның ойы да, жүрегі де тыныштықта болатынын, оның ұлы табыс иесі екенін, намаздың бұл дүниеңіз үшін де, ақиретіңіз үшін де пайдасы ұшан-теңіз екенін білесіз.

Намаздың отбасындағы бақыт пен берекеге әсері

«Отбасымнан татулық, тыныштық алыстап, проблемала көбейіп кетті, жұмысым оңға баспай қалды,  бала-шағаммен қарым-қатынасым нашарлап кетті, отбасыма деген мейірімім азайып бара жатқандай» деген шағыммен келетін жандарға ислам ғұламалары ортақ бір жауапты береді: «Намазыңды дұрыста, намазыңа бекем бол!».

Жұма күні оқылатын арнайы дұға

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім жұма күні «Кәһф» сүресін оқыса аяғының астынан көктің ернеуіне дейін нұр шашылып, қиямен күні оны жарықтандырады, Алла оның екі жұма арасындағы күнәларын кешіреді» деген  (Әт-тарғиб уат-тарһиб).

Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім «Кәһф» сүресінің әуелгі он аятын жаттаса, Дажжалдан (ақыретке жақын келетін бүлікшіл, суайт адам) сақталады» деген (Муслим).