26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намазға тұрғанда сап түзеудің маңыздылығы

Намазға тұрғанда сап түзеудің маңыздылығы

Намаз

Жәбир ибн Сәмура (р.а.):

 «Бірде Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үйінен шығып бізге: «Сендер неге періштелердің Раббыларының құзырында сап түзегеніндей сапқа тұрмайсыңдар?» – деді. Біз: «Уа, Алланың елшісі! Хақ тағаланың құзырында періштелер қалай сап түзейді?» – деп сұрадық. Сонда ол: «Олар алдымен алғашқы қатарларды толтырып, содан соң бір-біріне барынша жақындап иін тіресе сап түзейді», – деп жауап берді», – деген (Муслим, саләт 119).

Яғни, Ораза, қажылық сынды парыз амалдарының толық болмай қалған парыздарының орны нәпіл құлшылықтармен толықтырылады.

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ер адамдар үшін намаздағы саптардың ең қайырлысы – алғашқысы, ал ең жаманы – соңғысы. Ал әйелдер үшін саптардың ең қайырлысы – соңғысы, ал ең жаманы – алғашқысы», – деп айтты» – деген (Муслим, саләт

Әбу Масғуд (р.а.):

«Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жамағатпен намазға тұрарда иығымыздан сипап: «Сап түзеңдер, бірің алға шығып, бірің артта қалып қоймаңдар. Әйтпесе жүректерің де саптарың сынды ала-құла болып (ауызбірліктерің) кетеді. Менен кейінгі алдыңғы қатарда балиғат шағына жетіп, ақыл-ойы толысқандар тұрсын. Кейінгілер (яғни, жастар мен балалар) солардан кейін тұрсын. Ал олардан кейінгілер (яғни, әйелдер) кейінгі саптардан орын алсын», – деп айтатын еді», – деген (Муслим, саләт 122).

Әнәс (р.а.): «Бірде намазға тұру үшін қамат түсірілген соң, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жүзін бізге бұрды да: «Саптарыңды түзеңдер, араларыңда ине шаншар жер қалдырмаңдар. Расында, мен сендерді ар- тымда тұрсаңдар да көрудемін», – деп айтты», – деген (Бұхари, әзән 72; Муслим, саләт 125).

Нұғман ибн Бәшир (р.а.): «Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Не саптарыңды түзейсіңдер, не болмаса Аллаһ тағала жүздеріңді жан-жаққа бұрып жібереді де, ауызбіршіліктерің бұзылады», – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари, әзән 71; Муслим, саләт 127).

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Саптарыңды түзеңдер, иықтарыңды бір сызықтың бойында ұстаңдар, араларыңда бос жер қалдырмаңдар. Сап түзеу мақсатында қолдарыңнан ұстап алдыға немесе артқа тартқан бауырларыңа жұмсақ, бағынышты болыңдар. Араларыңда шайтанға бос жер қалдырмаңдар. Сапты жалғағанды Аллаһ тағала мейіріміне бөлейді. Ал үзгенді мейірімінен мақұрым етеді», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт, саләт 93).

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Иін тіресе сап түзеңдер. Әр саптың арасын бір-біріне жақын етіп, мойындарыңды бір сызықтың бойында ұстаңдар. Жанымды уысында ұстаған Алланың атымен ант етейін! Шайтанның араларыңда қалған бос жерлерден хазаф қойы секілді ары-бері өтіп жүргенін анық көріп тұрмын», – деп айтты» – делінген (Әбу Дәуіт, саләт 93).

материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: