26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намазда «Сәнә» дұғасын айтудың маңызы

Намазда «Сәнә» дұғасын айтудың маңызы

Намаз

Ифтитах тәкбірін айтып, қол байлай салысымен төменде келтірілген «Сәнә» дұғасы іштей айтылады.

«Сәнә» дұғасын оқу – сүннет.

«Сүбханакәллаһумма уә бихамдикә, уә тәбәракәсмукә, уә тағала жаддукә, уә лә иләһә ғайрук»

Мағынасы: «Я, Алла тағалам! Сені тәсбих етіп (күллі кемшіліктерден пәк, кемел екендігіңді айтып) пәктеймін. Саған «хамд» айтып мадақтаймын. Сенің көркем есімің аса мүбәрак. Сенің ұлылығың аса жоғары. Сенен басқа ешбір құдай жоқ».

Бұл жайында сахаба Әбу Сағид әл-Худри былай дейді:

«Пайғамбарымыз түнде намазға тұрғанда тәкбір айтып, былай деп дұға оқитын: «Сұбханакәлаһумма уә бихамдикә, уә тәбәракәсмукә уә тағала жаддукә уә лә иләһә ғайрук...».

Сондай-ақ, хазірет Омар ибн Хаттабтың ифтитах тәкбірінен кейін аталмыш дұғаны оқығандығы деректерде келтірілген.

материал «Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: