Намаздағы мәкрүһтер – тахриман мәкрүһ (харамға жақын) және тәнзиһан мәкрүһ (харамнан қашық) болып екіге бөлінеді.
Намаздың ішкі парыздары (3)
"Бес парыз" айдарының өткен санында намаздың ішкі парыздары жайлы жазған болатынбыз. Бүгінгі шығарылымда аталған жолдаманың жалғасын оқи аласыздар.
Намаздың ішкі парыздары (2)
"Бес парыз" айдарының өткен санында намаздың ішкі парыздарын бастаған едік. Бүгін намаздың ішікі парыздарының соңғы бөлімін назарларыңызға ұсынамыз.
Намаздың ішкі парыздары (1)
- Ифтитах (бастау, ашу) тәкбірі
Ифтитах – бастау, жабық нәрсені ашу, ену деген мағынаға саяды. Әрі «тахрим тәкбірі» деп те аталады. Ифтитах тәкбірі – намазға бастарда алынатын тәкбір. Яғни, тіке тұрып, «Аллаһу әкбар» сөзін айтып, құлақ қағу. Түрегеп тұра алмаған кісі отырып тәкбір айта алады. Имамның жамағат естуі үшін тәкбірді жариялап айтуы – мұстахап. Бұл жайлы аят: «Раббыңды ұлықта»[1]. Хадис: «Намаздың кілті – тазалық, тахримасы – тәкбір»[2]. Басқа бір хадисте: «Дәретті толық алып, содан кейін құбылаға қарап, «Аллаһу әкбар» демейінше, Алла ол пенденің намазын қабыл етпейді»[3] - делінген.
Тәкбір ниеттен кейін алынып, имамның тәкбірінен кейін алынуы қажет-дүр.
- Қиям (түрегеп тұру)
Қиям – тіп-тік түрегеп тұру деген мағынаға келеді. Намазда негізгі парыздардың бірі саналып, әр рәкатта Құраннан бір сүре оқылатындай уақыт тұру. Құранда Алла Тағала: «Аллаға бағынып, түрегеп тік тұрыңдар», - дейді[4]. Бірақ аяқта тұрып намаз оқи алмаса, отырып оқуына болады. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «(Намазды) түрегеп тік тұрып оқы. Егер оған күшің жетпесе, отырып оқы. Оған да күшің жетпесе, сүйеніп оқы»[5].
Ифтитах тәкбірін алатындай күші жеткен адам тік тұрып, тәкбір алып, одан әрі отырып оқуына болады. Қысқасы, науқас адам түрегеп тұруға күші жетпесе отырып, отыра алмаса сүйеніп, болмаса жатып ишаратпен намаз оқи алады.
Нәпіл намаздарды тұрып оқуға күші жете тұра отырып оқуға болады. Бірақ, тұрып оқуға күші жетіп жатса, әрине тұрып оқығаны абзал.
Бұл жерде Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) отырып намаз оқуынан мысал бере кетейік:
Әбу Һурайра (р.а.) айтады: «Бір күні Алла Елшісінің жанына бардым. Барсам, намазын отырып оқып жатыр екен. Намазды бітірген соң:
– Пайғамбарым! Сырқаттанып қалдыңыз ба? - деп сұрадым.
– Жоқ, аштық! Әбу Һурайра, - деді. Мен шыдай алмай, жылап жібердім. Менің жылағанымды көріп:
– «Жылама, Әбу Һурайра! Бұл дүниеде аштық азабын тартқан, арғы жақта Алланың азабын тартпайды»[6], - деп жұбатты.
[1] Мүдәссір, 74/3.
[2] Тирмизи, Мауақит, 62.
[3] Әбу Дәәуд, Салат, 144
[4] Бақара, 2/138.
[5] Бухари, Таксир, 19.
[6] Кәнзу,л-Уммал, 7/199.
Намаз дұрыс болу үшін
«Бес парыз» айдарының өткен санында намаздың төртінші парызы құбылаға бет бұру туралы тоқталған болатынбыз.
Олар бір-біріне имам бола алмайды
«Бес парыз» айдарының өткен санында намаздың үшінші парызы әуретін жабу туралы тоқталған болатынбыз.
Сол сәтте намаз бұзылады
«Бес парыз» айдарының өткен санында намаздың ішкі және сыртқы парыздары туралы тоқталған болатынбыз.
Намаздағы рухани және заттық тазалық
Намаздың парыздары – он екі. Бұлардың алтауы – сыртында, алтауы – ішінде.
Намаздың парыз болу шарттары
Мұсылман болу. Намаз – мұсылман болған ер кісі мен әйелге парыз. Кәпірлерге намаз парыз емес. Өйткені олар дүние мен ақыретте Ислам үкімдерінің тармақтарына жауапкер емес. Олардың ақыреттегі жазасы – күпірліктің қарымы.
Намазға қатысты мұстахаб және мәкрүһ уақыттар
Намаз уақыттарының қай бөлігі мұстахап немесе абзал екені Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тікелей іс жүзінде орындауы мен хадистерінде белгіленген. Олар: