25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тарауық намазын үйде қалай оқимыз?

Тарауық намазын үйде қалай оқимыз?

Намаз

Бір жылда бір-ақ рет келетін Рамазан айының түнін құлшылықпен безендірудің сауабы мен пайдасы ұшан-теңіз. Ал тарауық – өткен күнәлардың кешірілуіне жол ашатын, Алла Тағала үшін ең сүйікті намаз.

Бұл ғибадат жайында Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: (Кімде кім, Рамазанда сауабын үміт ете отырып, Алла разылығы үшін Тарауық намазын оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі» (Мүслім)

Тарауық намазын мешітте жамағатпен оқу – сүннет. Алайда қазіргі таңда еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, ҚМДБ ғұламалары шешімімен мешіттерде уақытша намаз оқылмайды. Осыған орай, әркім тарауық намазын өз шаңырағында отбасы мүшелерімен оқуына кеңес береміз.

Тарауық намазы – құптан намазының 4 рәкәғат парызы мен 2 рәкағат сүннетінен соң оқылатын жиырма рәкәғаттан тұратын құлшылық.

Оны 2 рәкағатта немесе 4 рәкағатта бір сәлем беріп оқуға болады. Дегенмен, Орта Азия аймағында 2 рәкәғат қылып оқу қалыптасқан. Абзалы да сол болғандықтан әр 2 рәкағат сайын сәлем беріп, намазды аяқтап отырасыз.

Егер сіз бұрыннан намаз оқып жүрген адам болсаңыз, таң намазының 2 рәкағат парызы сияқты ер адам имам болып, қалғандары оған ұйып оқи алады.

Ал намазды үйренгіңіз келсе, 2 рәкағат намаз оқу үлгісіне зер салыңыз.

 

Оқылу реті:

Алдымен «Ниет еттім Алла ризалығы үшін тарауих намазын өтемекке», деп ниет етесіз.

1 . Рәкәғат:

«Субханакәллаһумма уа бихамдик, уа тәбәракәс-мука, уә тағала жаддука, уә лә иләһә ғайрук» дегеннен соң,

«Әғузу билләһиминаш шайтаирражим. Бисмиллаһир рахманир рахим» деп «Фатиха» сүресін және қосымша сүре оқиды. Кейін рукуғқа барып, рүкуғтан бас көтергенен соң, екі рет сәжде жасалады.

2 . Рәкәғат:

Одан кейін қиямға тұрып (тік тұру) бисмилләны айтып, «Фатиха» сүресін және қосымша сүрені оқиды. Бірінші рәкәғаттағы рет бойынша, рүкуғтан соң екі сәжде жасалып, тәшәһһуд отырысына отырады. Тәшәһһуд отырысында «әттахияту» дұғасы мен «Салауат» , «Раббәнә әтинә» оқылады. Кейін «әссәләмуғалейкум уә рахматуллаһ» деп оң жағына, сосын «әссәләмуғалейкум уә рахматуллаһ» деп сол жағына сәлем береді. Келесі екі рәкәғатты да осы рет бойынша оқиды.

Осылайша 20 ракәғат тарауих намазы өтеліп болған соң, 3 рәкағат үтір намазы оқылады. Соңынан әдебіміз бойынша зікір-дұға жасалады!

Тарауық намазын оқудың шарттары:

  1. Тек Алланың разылығын көздеу
  2. Пайғамбардың (өткен күнәлардың кешірілуі туралы айтқан) уәдесіне шынайы түрде сену, содан үміт ету
  3. Риядан алыстау

Алла Тағала Рамазан сауабынан үміт етіп атқаратын әрбір игі амалымызды қабыл етіп, қатерлі індеттің құрсауынан аман-есен құтылып шығуымызды нәсіп еткей!

ummet.kz

Бөлісу: