26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Біз уақыты кірген намазды ғана оқимыз

Біз уақыты кірген намазды ғана оқимыз

Намаз

Қанша жыл өмір сүреміз деп ойлайсыз? Көп дегенде жүз жыл. Одан көпті ешкім қаламайды. Бір  сағаттан кейін бе, ертең бе, бір жылдан кейін бе, он жылдан кейін бе, дүниемен қош айтысып кете барамыз. Ешкім оның уақытын біле алмайды.

Он  жаста намазды бастадық делік. Қазір жасымыз отызда.  Жырма жыл намаз оқыдық, қазір сол оқыған намаздарымыздың салмағын сеземіз бе?

«Қанша уақыт намаз оқимыз?»,-деген сұрақтың «Қашан өлемін?»,-деген сұрақтан айырмашылығы жоқ. 

Олай болса қанша уақыт намаз оқимыз?

Тек бір уақыт. Ол – қазір уақыты кірген намаз. Оны оқығаннан кейін одан кейінгі намазды оқуға еш кепілдігіміз жоқ.

Өзімізді өміріміздің соңына дейін намаз оқу үшін емес,тек бір уақыттың намазын оқимын деп дайындайтын болсақ, жалығу туралы сөз болмайды.

Күндік намаздың жиынтығы қырықты құрайды. Бес  уақыт намаз қанша минутта оқылады? Қырық  минуттаТөрт  минуттан  жиырма  минут дәрет алуға бөлінсін. Осылайша, бес уақыт намаз дәретімен бірге бір сағат уақытты алады.

Бір күнде қанша сағат бар? Жиырма төрт сағат. Жұмыс істеу, қыдыру, оқу, ұйықтау, тамақ ішу үшін күніне жиырма үш сағат  уақыт бар. Оның қасында о дүниедегі орнымыз үшін бір сағаттық уақытты ғибадатқа арнау не тәйірі?! Бәлкім керісінше болғаны жөн бе еді...

Нариман Исенов,

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы

Бөлісу: