26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намаз бастаудың оңай жолын іздеп жүрсіз бе?

Намаз бастаудың оңай жолын іздеп жүрсіз бе?

Намаз

Cіз намаз оқитын адамның ойы да, жүрегі де тыныштықта болатынын, оның ұлы табыс иесі екенін, намаздың бұл дүниеңіз үшін де, ақиретіңіз үшін де пайдасы ұшан-теңіз екенін білесіз.

Сіз де Аллаға ұнамды амал жасап, Оның сүйікті құлы болғыңыз келеді. Сіздің де намаз оқып, таза жүргіңіз келеді. Бірақ күн ұзақ жұмыс істейсіз. Артық уақытыңыз жоқ. Бір жағынан, бес уақыт намаздың бәрінің сөздерін жаттау қиын деп ойласаңыз, екінші жағынан, «намазымды уақытында оқи алмасам не болады?» деген секілді күмәнді ойлар мазаңызды қашырады. Жұрттың “намазды тастау – ауыр күнә», «намазда қателесуге болмайды» деген секілді сөздері де намаз бастауға деген ықыласыңызды суытып, қадамыңызды тежейді. Бірақ, ойланыңызшы, небір алып ғимараттар, зәулім үйлер бірден пайда болып, тұрғызыла салмайды ғой. Теңіз де тамшылардан құралады. Киіз үй тұрғызған адам алдымен керегелерін тұрғызады. Кейін ашық керегеден суық кіріп, үстінен жауын өтетінін сезген соң, уығын қадап, шаңырағын көтереді. Үстін жапқыштармен жабады, астына киіз төсейді, т.б. Сол секілді сіз де бір Аллаға тәуекел етіп, таң намазынан бастап оқып көріңіз. Кейін, әлбетте, бес саусақ бірікккенде ғана жұдырыққа айналатынын сезіп, парыз болған бес намазыңыздың басын түгендеп аласыз!

Бірақ ескере кетерлік бір жайт, сіздің о бастағы ниетіңіз «Мен осы таң намазын ғана оқысам болды, осы да жетеді» деген сипатта болмауы керек. Керісінше, мен таң намазын оқып жүріп, кейін қалған намаздарымды да толықтырып аламын, ақырын-ақырын бес уақыт намазға көшемін деген ойда, ықыласта болуыңыз қажет. Себебі, Алла Тағала бізге бес уақыт намаз оқуды парыз еткен. Алла сіздің шынайы ықыласыңызды қабыл алып, сізді Өзінің сүйікті құлдарының қатарына қоссын!

ummet.kz

Бөлісу: