26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намазда қолды кіндіктен төмен байлау – сүннет

Намазда қолды кіндіктен төмен байлау – сүннет

Намаз

Тәкбірден кейін қол байлау – сүннет. Ал, кіндіктен төмен ұстау - абзал. Тақуалыққа ең жақыны – осы. Қол байлағанда оң қолдың басбармағы және кішкентай саусағы арқылы сол қолдың білезігінен қапсыра ұстайды.

Бұл жайында Имам Ахмедтің хадистер жинағында келтірілген риуаятта Әзірет Әли (р.а.): «Оң қолды сол қолдың үстіне қойып, кіндіктен төмен байлау – сүннет», – деген.

Сондай-ақ, тағы бір риуаятта сахаба Әбу Һұрайра (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір қолын екінші колымен ұстап, кіндіктен төмен байлады». Осы хадистерге сүйенген имам Ахметтің көзқарасы бойынша да қолды кіндіктен төмен байлау – сүннет». Қолды кіндіктен төмен байлау жайында Уаил ибн Хужр есімді рауи әкесінің былай дегенін риуаят етеді: «Мен Пайғамбарымыздың намазда тұрғанда оң қолын сол қолының үстіне қойып, кіндіктен төмен байлағанын көрдім».

Әбу Тайып ибн Әбдіқадыр әл-Мәдәни «Тирмизидің Сүнәнына» жазған түсіндірмесінде аталмыш хадис жайында: «Бұл хадис сенімді жолмен жеткен», – деген. Ибн Әби Шәйбәның «Мусаннафф» атты еңбегінде Айша анамыздың көзін көрген табиғин, өз заманының ғұламасы Ибраһим ән-Нәхағи былай дейді: «Намазда оң қолын сол қолының үстіне қойып, кіндіктен төмен байлайды».

Сондай-ақ, Басра қаласының ғұламасы, сахабалардың көзін көрген табиғин және көптеген хадисші ғалымдар тарапынан «сенімді (сиқа)» деген атаққа ие Лахиқ ибн Хамид Әбу Мижләз бұл мәселе жайында: «(Намаз оқитын кісі) оң алақанын сол қолының үстіне қойып, кіндіктің астыңғы жағына байлайды», – деген.

Қол байлайтын кезде оң қолдың бас бармағы мен шынашағы арқылы сол қолдың білезігін қапсыра ұстау дегенге дәлел келтірер болсақ, Имам Бұхари «атТарихүл-Кәбир» атты еңбегінде Әзірет Әлидің шәкірттерінің бірі – Ұқба ибн Зәбиянның мына сөзін риуаят етеді: «Әли намазда қолын білезігіне байлады». Ибн Әби Шәйбәнің риуаят етуі бойынша: «Әзіреті Әли намазға тұрғанда оң қолын сол қолының білезігіне қоятын».

материал «Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: