26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жамағат ішінде дауыстап дұға ету жамағаттың дұғаны қостап «әмин» деуі

Жамағат ішінде дауыстап дұға ету жамағаттың дұғаны қостап «әмин» деуі

Намаз

Жами ибн Шәддад әңгімесі бойынша:

«Омардың (р.а.) былай айтқанын естіген едім:

– Қазір сендерге үш сөз айтамын. Әр сөзімнен кейін «әмин», – деп отырыңыздар: Уа, Алла! Мен әлсіз, дәрменсіз құлмын. Маған күш-қуат бер. Аллам! Мен қатыгез, дөрекі біреумін. Менің жүрегімді жұмсарта гөр. Аллам! Сондай-ақ мен сараңмын да. Мені жомарт қыла гөр!».

Нұғман ибн Муқаррин (р.а.) айтады: «Мен қазір Аллаға дұға етемін. Осы дұғама барлығыңыз міндетті түрде «әмин» дейсіздер: Уа, Алла! Бүгін мұсылмандардың жеңіске жетуі үшін Нұғманды шейіт қыл. Оларды жеңіске жеткіз».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: