Махачкала қаласындағы №101 маршруттық таксидің егде жүргізушісі тұрғындар арасында қайырымдылығымен танымал. Әр жұма сайын жолаушыларды тегін тасымалдауды ол жақсы әдетке айналдырған. Енді қарт кісінің Меккеде қажылық өтеу арманы орындалмақ.
Instagram желісінің ресми парақшасындағы жобада жолдамаға қажетті қаражат садақа арқылы жиналғандығы айтылған. Әуел баста 160 мың жинау жоспарланған. Алайда садақа көлемі 100 мың рубльге жеткенде белгісіз біреу жобаның есепшотына 75 мың рубль аударған. Сөйтіп қажетті қаражат небары екі күнде толтырылған екен.
Қария өмірінде бірнеше рет инфаркт пен инсульт алған. Соған қарамастан, жүргізуші қызметін жалғастырып, адамдармен мейірім бөлісуді жөн санайды.
ummet.kz