25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Отбасындағы ең маңызды нүкте – көңіл бөлу

Отбасындағы ең маңызды нүкте – көңіл бөлу

Исламдағы отбасы
Жарнама

Отбасындағы ең маңызды рычаг – көңіл бөлу. Қанша шаршап келсе де, ер кісі отбасына көңіл бөлуі керек. Әсіресе, демалыс күндері.

Себебі, әйел басқа күндері: «Күйеуімді мазаламай-ақ қояйын, жұмыстан шаршап жүр. Сенбі, жексенбі күндері бізге көңіл бөледі», - деп, демалысқа жоспар құрып, күтіп жүреді. Жігіт дәл сол күні достарымен қыдырып кетті делік. Осы нәрсе бір емес, бірнеше рет қайталанса, үйде ұрыс-жанжал шығып, бұл айырылысуға апаруы мүмкін. Жігітке достары маңызды ма, отбасы маңызды ма? Жігітке отбасы маңыздырақ. Бұл достарымен араласпай кету керек деген сөз емес. Олармен онсыз да аптасына бірнеше рет жолығасыз. Ал отбасы адам жанының ұясы.

Жаны жай тауып, жүрегі тыныштық табатын ыстық мекені. Көңіл бөлу деген мәселе тек әйелі мен бала-шағасын қыдырту деген ұғыммен шектелмеуге тиіс. Сонымен бірге, үй ішіндегі әр алуан міселеге назар аударып, қажет болса, жазып жүргені жөн. Мысалы, үйіне келген соң телефонын өшіріп қоюға болады. Әр нәрсенің өз жүйесі мен тәртібі болады емес пе? Отбасына бөлінетін уақытты да бекітіп қойса, бәлендей мәселе туындамайды. Мәселе осы жүйенің жоқтығынан туындап жатады.

Көбіне-көп ер жігіттер үйіне көңіл бөлмейді. Кейде керісінше болады. Жігіт қанша тырысса да, әйелінің бетін бері қарата алмай қиналады. Әйелімен бірге уақыт өткізу үшін жұмысынан ерте келеді, балаларын ертерек ұйықтатып тастайды. Бірақ әйелі әртүрлі сылтау айтып, қашқақтай береді. Көңіл бөлмеген соң арасы суи береді.

Көңіл бөлу дегеніміз – бағалау. Жұмыстан шаршап үйге келгенде, әйеліңнің істеген тағамы дәмді болмаса да, «»Пах, мына тамағың ерекше дәмді болыпты. Өзің істедің бе?», - деп айтса, жанұя жарасымы арта түсетіні белгілі. Адам өзінің еңбегін біреу бағалаған сайын сол адамға құлай беріледі.

Отбасының берекесін қашырып, түбі айырылысуға апаратын негізгі себептер – осылар. Егер ер мен әйел аталмыш мәселелерді қаперде ұстап, осы қателіктерді жасамауға барын да, жанын да салып әрекет етсе, жанның ұясын суытып алмайтыны анық.

материал «Жан ұясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: