25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жігіттің жағымсыз әдеті – құлшылықсыз өмір сүру

Жігіттің жағымсыз әдеті – құлшылықсыз өмір сүру

Исламдағы отбасы
Жарнама

Жағымсыз әдет – құлшылықсыз өмір. Өмір өтіп жатыр. Бірақ өмір құлшылықпен өтсе ғана, мәнді, мағыналы болады.

Мысалы, тамақтың дәмін көру неден болады? Тұздан ғой. Қанша балғын қойдың етін алып кел, қанша балғын картоп тура, сарымсақ сал, бірақ ішінде тұз жоқ болса, ешқандай дәмі жоқ тамақ болады. Оны өзің де жемейсің, итке лақтырасың. Сол секілді өмірдің мәнін кіргізетін – құлшылық. Сен қанша жерден бай бол, қанша жерден бизнесмен бол, жетістіктерің көп бола берсін, бірақ, құлшылық болмаса, ол мән-мағынасыз өмір болып есептеледі. Өмірің келдің, кеттің« болғандай болады.

Ер азаматтың жағымсыз әдеттеріндегі бірінші мәселе – құлшылықсыз өмір сүру.

Алла Тағала таң атқаннан бастап, кешкі ұйқыға көз ілген сәтке дейін бес мезгіл намазды қойып қойды. Соны орнымен орындау керек. Жұмысқа бардың ба, ұжыммен мәміле деген мәселе бар. Жақсы мәміле, жақсы қарым-қатынас, алыс-беріс, ол да құлшылық болып есептеледі. Үйге келдің, әйел, бала-шағаңмен араласып жатырсың, ол да – құлшылық.

Дүкенге кіріп сауда жасап, бір зат алып жатсың, не болмаса сатып жатсың, ешкімнің ақысын жемей, артық ақша беріп қойса, оны қайтарып беру, ол да – құлшылық. Демек, құлшылық деген – тек қана намаз емес. Яғни, жүрген ортада әр нәрсенің хақысын беріп жүру – құлшылық.

Көршің қиналып жатса, барып жағдайын сұрау да – құлшылық. «Ауырып қалдыңыз ба, Алла шипасын берсін» деп жақсы сөз айту да – құлшылық. Демалыс күні бала-шағаны алып, ауылға барып, ағайын-туыстың жағдайын сұрап, көрісіп қайту да – құлшылық. Демек, жігіттің жағымсыз әдеттерінің біріншісі – өмірін құлшылықсыз өткізу.

материал «Жан ұясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: