Алғашқы кинотеатрлар келер жылдың наурыз айында ашылады деген болжам бар.
Жаңа әлеуметтік реформалар аясында Сауд Арабиясындағы кинотеатрлар қызметіне деген 35 жылдық тыйым жойылады.
Кеше САК үкіметі кинотеатрларды басқаруға рұқсат тарату туралы шешім қабылдады. Бұған коммерциялық операторлар да ілігеді, деп хабарлады Интерфакс-религия.
Сауд Арабиясының Мәдениет және ақпарат министрі Аввад Аллавадтың айтуынша, кинотеатрлардың алғашқы легі алдағы жылдың наурызында ашылады деп жоспарлануда.
САК үкіметінің бағалауына сәйкес, 2030 жылға қарай корольдікте 2 мыңнан аса залы бар 300-ге жуық кинотеатр жұмыс істейді. Өз кезегінде бұл 30 мың жаңа жұмыс орнын құрып, жалпы ішкі өнімге $24 млрд. үлес қосады деген болжам жасалды.
Атап өтейік, Сауд Арабияcында 1980 жылдың басынан бері кинотеатрларға тыйым салынған еді.
ummet.kz