24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әлемдегі ең ірі әуежай ашылмақ

Әлемдегі ең ірі әуежай ашылмақ

Жаһан
Жарнама

27  сәуір. АСТАНА. Ummet.kz – Ыстамбұлда салынып жатқан жаңа кешен әлемдегі ең ірі әуежай болмақ.

Бұл жөнінде әуежайдың құрылысы аяқталған бөлігінде өткен пресс-конференцияда Түркияның көлік және қатынас министрі Ахмет Арслан баяндады. Оның сөзіне сүйенсек, жаңа аэроарал 80 пайызға дайын және қолданысқа берілер күні де белгіленіп қойылған.

«Жаңа аэропорт Президенттің, Үкімет басшысының және басқа да қонақтардың қатысуымен 29 қарашада ашылады. Ататүрік әуежайынан шығатын барлық халықаралық рейстер 48 сағат ішінде жаңа әуежайға ауыстырылады,» - деді министр.

Барлық қызмет бөлмелері мен күту залдарын қосқанда ғимараттың жалпы аумағы 80 миллион текше метр. Қауіпсіздік үшін 6000 бақылау камерасы орнатылып, жолаушылардың тыныштығын күзетуге 3500 қызметкер жұмысқа тартылады. Жалпы алғанда әуежайда 225 000 жұмыс орны ашылмақ. Сонымен бірге, жаңа навигациялық жүйе мен бірнеше ұшу-қону алқабының іске қосылуы бір уақытта 114 ұшақты қабылдауға мүмкіндік береді. Қону терминалдарына 143 гофрленген жол жүргізіледі. Бұл өз кезегінде жолаушыларды ұшақтарға жеткізу үшін автокөліктердің аз қолданылуына сеп болады.   

Ыстамбұлдың жаңа әуежайынан әлемнің 350 қаласына ұшуға болады. Сонымен бірге,  осы кешен әртүрлі құрлықтан келетін жолаушыларға уақытша күту пункті қызметін де атқармақ. Ғимараттың жанынан салынып жатқан заманауи қонақ үй рейстер кідірген жағдайда мыңдаған адамға есігін аша алады. Яғни әуежайдан алыстағысы келмеген жолаушылар енді күту залында телміріп отыруға мәжбүр болмайды. Жаңа әуе алаңында метро мен заманауи магистраль кешені де қарастырылған.

Түркияның көлік және қатынас министрі осындай ірі инфрақұрылымдық жобаға 10,2 миллиард АҚШ доллары құйылғанын  айтып өтті. Сонымен қоса, әуежай алғашқы 25 жылда өз шығынын ақтап қана қоймай, 22,2 миллиард доллар пайда түсіреді деп күтілуде.

Бөлісу: