24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тарихи шіркеу ислам орталығына айналды

Тарихи шіркеу ислам орталығына айналды

Жаһан
Жарнама

Британияның Уэльс графтығындағы Суонси қаласында 18 ғасырда тұрғызылған, сәулеті өзгеше Бринхифрид капелласы тек ғибадат ғимараты ретінде пайдаланылып қоймай, сонымен қатар, жексенбілік мектеп ретінде де қызмет етті.

Бұл жайында islam.kz порталы Wales Online ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соңғы он жылда шіркеуге ешкім бас сұқпайтын болған соң жабылып қалған еді, 2019 жылы сатуға қойылды. Аса берік монументті қабырғасымен, сәнді сәулетімен аты шыққан бұрынғы ғибадат ғимараты бар-жоғы 100 мың фунт стерлиингке жергілікті мұсылман қауымдастығына сатылды. Мұсылмандар кептерлердің мекеніне айналған, төбесінен су сорғалаған, қысқасы, күйі кеткен ғимараттың ішіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге әрі шатырын ауыстыруға екі жылдарын сарп етті. Бұрынғы шіркеу мешіт ретінде есігін айқара ашты. Мешіт имамы Тауфық Қажымның айтуынша, еденін ауыстырып, жылу жүйесін қалпына келтіруге әрі өрт қауіпсіздігі жүйесін орнатуға жарты млн қаржы жұмсалған. Бұл ғимарат тек мұсылмандар құлшылық ететін орын ғана емес, сонымен қатар, ағылшын тілінен, математикадан, жаратылыстану ғылымдарынан дәріс оқылатын орталық. Бұл орталық, сондай-ақ, тұрмысы төмен адамдарға азық-түлік банкі мен иіні жүдеу жандарға көмектесетін, әлеуметтік өмірге бейімдейтін, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға пана болатын құтты мекен болмақ. Мигранттар мен босқындарды ағылшын қоғамына бейімдейтін адаптациялық орталыққа да айналады.

дереккөз: islam.kz

Бөлісу: