Қасиетті Құранды басқа тілге аудару аса жауапты іс, кәсіби мамандардың өзі абайлап аударады. Өйткені, Құранды аудару үшін тек араб тілін және аударылатын тілді жетік білу аздық етеді, барлық ғылым саласынан хабардар болуды талап етеді. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Тарихқа сәл шегініс: қасиетті Құранның алғашқы бөлігі алғаш рет VII парсы тіліне аударылған. Алайда, қандай да бір толық аудармасы тек IX ғасырда Үндістанда жасалған. Содан соң қасиетті Құран түрлі тілдерге аударыла бастады. Бүгінде әлем бойынша қасиетті Құран шамамен 164 тілге, соның ішінде ағылшын, француз, қытай, индонезия, малай, орыс, т.б. тілдерге аударылған. Мысырдың уақыптар жөніндегі министрі Мұхаммед Мұхтар Гома желтоқсан айының 1-і күні қасиетті Құранның тәпсірін иврит тіліне аударуды бастайтындарын жария етті. Осылайша бұрмаланған түсіндірмелер мен шала аудармаларға тойтарыс беруді алдына мақсат етіп қойғандарын жеткізді. Бұл бағытта академиялық білімі бар білікті мамандар тартылады. Бұл тарапта қасиетті Құранның тәпсірін шет тілдеріне «әл-Мұнтахаб» деп аталатын Құран аяттары тәпсірленген кітапқа сүйенетіндерін жасырмады. Әлбетте, бұл арада бұрын иврит тіліне аударылған құранның мағынасы көптеген жерінде толықтай немесе ішінара діни әрі саяси себептер бойынша мұсылмандармен пікірталаста жеңсік бермеу үшін бұрмаланғанын да мәлімдеді. 2017 жылы Raseef 22 ақпарат көзі жазғандай, қасиетті Құранды иврит тіліне Жақып бен Ысрайыл һалев есімді араб тілін шала білетін азаматтың араб тілінен емес, италиян тілінен аударған. Ал rus.telegram.one дерек көзінің жазуынша, қасиетті Құранды саудиялықтар иврит тіліне аударған сионистердің қолайына қарай - Пайғамбарлар падишасының (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) мүбәрак есімі ішінара елемеген, яғни, қасақана аудармада ескермеген. Көрнекті мысыр профессоры Алаедин Ахмет еврей нұсқасынан 300-ден аса қате тапқан. Сөзінің соңында ол Құран тәпсірін иврит тіліне аударуға шамамен екі жыл уақыт кететінін алға тартты.
дереккөз: islam.kz