«Рақмет» айтудың 6 тəсілі:
Егер сіз рақмет айтып, ықылас білдіруді де орынды қолдана білсеңіз, сіз үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашылары сөзсіз. Ол үшін өмірлік тəжірибеден өткен, іс жүзінде сыналған төмендегі алты жайтты есіңізде мықты ұстаңыз.
1. Рақмет шын жүректен айтылу керек. Қалай жеткізгіңіз келді, солай айтыңыз. Сөздеріңіз жанды, сезіммен сырлаулы болсын. Құлаққа күнделікті естіліп жүрген жай бір сөз емес, айрықша айтылған сөз секілді естілетін болсын.
2. Ашық, анық айтыңыз. Аузыңыздан тұтастай шығатын болсын. Рақмет айтуға ұялып я болмаса қысылып тұрған адам сияқты көрінбеңіз.
3. Кісілердің атын атап, түсін түстеп барып рақмет айтыңыз. Көпшілік арасында рақмет айтылатын бір емес бірнеше кісі болса, бəрінің де есімдерін атап шыққаныңыз жөн, «барлығына да рақмет» дей салмаңыз.
4. Рақмет айтып тұрған адамыңызға тура қараңыз. Егер кісі рақмет айтуға тұрарлық болса, онда ол оған тура қарауға да тұрарлық деген сөз.
5. Адамдарға рақмет айтуға əзір тұрыңыз. Кісі бойынан, қылығынан рақмет айтуға тұрарлық нəрселер іздеңіз. Əбден дағдыланғанша кішігірім іске болса да рақмет айтып үйреніңіз.
6. Адамның ең күтпеген сəттерінде рақмет айтыңыз. Істеген қимылына оқыстан рақмет естіп, ол ісінің алғысқа тұрарлығын сезінген сəтте адам өте əсерлі күй кешеді.
материал «Балам жақсы болсын десеңіз...» кітабынан алынды,
ummet.kz