25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мәһір сұрауға болады деп ойыңа келген нәрсені сұрама

Мәһір сұрауға болады деп ойыңа келген нәрсені сұрама

Исламдағы отбасы
Жарнама

Бірде бір кісі ансарлық бір әйелге үйленеді. Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп мәһірге көмектесуін сұрайды.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) одан:

– Қанша мәһірге үйлендің? - деп сұрайды.

– Төрт уқия (ауырлық өлшем бірлігі) күміске, - дейді ол.

– Төрт уқия күміске?! - дейді Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) таңданып.

Артынша:

– Сендер күмісті тура бір мына таудан қазып алып жатқан сияқтысыңдар! Саған беретін ешнәрсеміз жоқ. Бірақ сені оны таба алатын жаққа жібере аламыз, - дейді Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын).

Үйлену жігіт үшін де, қыз үшін де – ізгілік. Үйлену сауда-саттық емес. Қыз – сауда малы емес.

Мәһір – Алланың бекіткені. Ол миллиардтарды құраса да – адал. Бірақ әңгіме оның адал, не арамдығында емес. Әңгіме мәһірге ақыл таразысымен, өмір көзімен, адамдардың шамасына қарап сұрауда жатыр.

Мәһірді сұрауға болады екен деп ойыңа келген нәрсені сұрай берме. Олай жасайтын болсаң, жүрегіңе сыймайтын, ойыңа келмеген нәрсеге куә болатын боласың.

материал «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: