ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ханшатыр» ойын-сауық орталығында өткен «Дәстүрім, дінім – діңгегім» салт-дәстүр сайысында елорда тұрғындарына «Дін мен дәстүр» үшінші кітабының таныстырылымы өтті.
Шараға ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы, Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов және мешіттің ақ жаулықты әжелер қауымы мен елорда тұрғындары қатысты.
Жиында Нұрбек Әуесханұлы дініміз бен дәстүрімізді дәріптейтін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Muftyat» баспасынан жарық көрген бағалы еңбектің маңызы мен құндылықтарын тілге тиек етті. Артынша кітап кеш қатысушыларына үлестірілді.
Айта кетсек, еңбекте асыл дініміз Ислам мен ғасырлар бойы халқымыздың тұрмыстық ғұрпында қалыптасқан салт-дәстүрлеріміз жан-жақты қамтылған.
дереккөз: muslim.kz