14
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Алла мен өзің ғана білетін жақсылықтарың болсын!

Алла мен өзің ғана білетін жақсылықтарың болсын!

Ислам тарихы

Кімнің жасырын амалы болса, жасай берсін!

Алла мен сенің араңда ғана белгілі өзіңнің жасырын, жақсы амалың болсын!

Ешқандай есепсіз, фото-видеосыз садақа. Тығылып оқитын түнгі намаз.

Аз да болса күнделікті оқитын Құраның, ұстап жүргеніңді ешкім білмейтін оразаң болсын! Атыңды айтпай-ақ жетім-жесірге, балалар үйіне көмектес! Дүкендерге барып берешегі барлардың қарызын жап!

Дұрыс, жақсы амал ұялтпайды. Тығылып, жасырынып жасаудың не қажеті бар деуің мүмкін. Қарасаң, дінде жария жасайтын ғибадат – көп. Сол үшін де Алла мен өзің ғана білетін жақсылықтарың болсын!

материал Аслан Орақбайдың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: