07
Сейсенбі,
Қаңтар

һижри

Бұл дүниедегі және ақыреттегі уақыт

Бұл дүниедегі және ақыреттегі уақыт

Ислам тарихы

Бұл дүниедегі және ақыреттегі уақыттың Құран аяттарындағы көрінісі:

Сүр үрілген күні күнəкарларды көздері көгерген түрде жинаймыз. Олар араларында: «Дүниеде он-ақ тəулік тұрдық» деп сыбырласады. Олардың не айтқандарын жақсы білеміз. Олардың ең туралары: «Дүниеде бір-ақ күн тұрдыңдар», – дейді. ("Taha" сүресі, 102-104)

Алла оларға: «Сендер жер жүзінде қанша жыл тұрдыңдар?» – дейді. Олар: «Бір күн немесе тағы аз уақыт тұрдық. Санаушылардан сұра», – дейді. «Егер білген болсаңдар, азғана-ақ тұрдыңдар» дейді. ("Муминун" сүресі, 112-114)

(Мұхаммед ғ.с.) пайғамбарлардан майталмандар (мықтылық, тұрақтылық иелері) сабыр еткеніндей сабыр ет. Олар үшін асықпа; олар өздеріне уəде етілгенді көрген күні дүниеде күндізден бір дем ғана тұрғандай білінеді. Бұл бір ұқтыру. Бұзақы ел ғана жоқ етіледі. ("Ахқаф" сүресі, 35)

Қиямет-қайым болатын күні күнəкарлар «(өлгеннен Қияметке дейін) бір сағаттан басқа тұрмадық» деп ант ішеді. Осылайша, олар (дүниеде де алданып) адасқан еді. ("Рум" сүресі, 55)

материал «Құран антологиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: