08
Сәрсенбі,
Қаңтар

һижри

Әли (р.а) мен Әбу Бәкірдің (р.а) әйелдеріне көрсеткен құрметі

Әли (р.а) мен Әбу Бәкірдің (р.а) әйелдеріне көрсеткен құрметі

Исламдағы отбасы
Жарнама

Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын) төсек тартып жатып қалған. Соңғы күндері жақындарымен қош айтысып, өзін жұбайы Ғұмайсқызы Асмә жуындыруын өсиет етті.

Кісілердің бірі: «Неге, біз жусақ қайтеді?» – дегендей сұрап еді: «Ол менің жүрегіме жақын», – деді.

Соңғы күндері Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын) төсекте, ал жұбайы аузы берік ораза. Жұбайына жаны ашып, жаназа шаруасымен жүргенде әлсіреп қалады деп уайымдады. Бұл Әбу Бәкірдің (Алла оған разы болсын) әйеліне деген мейірімі. Сыддық (Алла оған разы болсын) бақилық болғанда жұбайы оразасын ашқан екен. Ал, бұл әйелінің оған бойұсынуының ғажап бір үлгісі еді. Жолдасы дүниеден озғаннан кейін де оның көңіліне ұнайтын амал жасауда. Кешегі әжелеріміз осы жолды ұстанды. Бүгінгі келіншектер де сол сара жолдың ізін жалғаса екен деген игі тілек.

Әли (Алла оған разы болсын) үйіне кіріп келсе, жұбайы Фатима (Алла оған разы болсын) оның мисуагімен тісін тазалап тұрған екен. Сонда шайқастың да, шешендіктің де батыры Әли (Алла оған разы болсын):

– Ей, арак мисуагы оның тісіне тию саған нәсіп болыпты,

Сені мен көріп қояды деп қорықпадың ба?!

Жауынгер болсаң сенімен шайқасар ем,

Сенен басқа оны ешкім менен тартып ала алмайды, – деген мағынада екі жол өлеңді шумақтата жөнелген екен. Әли (Алла оған разы болсын) Фатимаға (Алла оған разы болсын) деген ыстық сезімін:

– Мұхаммедтің қызы – менің жан рақатым, жұпар,

Оның етінде менің қаным және етім бар.

Қос немересі Ахмедтің – менің балаларым болар,

Қайсыбіріңнің қанжығаңда менікіндей олжа бар, – деген екен...

материал «Үйленбей тұрып үйрен» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: