04
Сенбі,
Қаңтар

һижри

Балаңыз «Алла біз секілді ме?» деп сұраса…

Балаңыз «Алла біз секілді ме?» деп сұраса…

Исламдағы отбасы
Жарнама

Үлкен қателіктердің бірі: балаңыздың қойған сұрақтарына немқұрайлы қарау немесе оларға назар аудармау. Бұл оның өзін ата-анасы құзырында төмен бағалайтынын сезінуіне алып келеді. Солайша ол басқалардан өз сұрақтарына нақты шындыққа сай келмейтін немесе онымен ақылдасып болмайтын интернеттен виртуалды пайымдардан жауап іздеу мүмкін. Мұның соңы келеңсіз жағдайларға жетелейді.

Кейде балаңыз сізден: «Алла кім?» - деп сұрайды. Дұрыс жауап: Оған Алланың жаратылыстарын, оның ғаламдағы сипаттарын және құдіретін жекелей айтып беру. Мысалға: «Ол Алла көктерді жерді, ағаштар мен өзендерді жаратты және сендер жақсы көретін дәмді жемістерді де жаратты. Сенің нұрлы көздеріңді, жұмсақ қолдарыңды және аяқтарыңды жаратқан. Сондай-ақ, Ол бізге барлық нығметтерді берген және т.б.» - деп айтуыңыз.

Егер балаңыз: «Алла бізге ұқсайды ма?» - деп сұраса: «Алла Тағала жаратылыстарының ешқайсысына ұқсамайды. Ол – Жаратушы. Ал Жаратушы Өз жаратылысына ұқсамайды. Пенде бұл дүниеде Алланы көре алмайды, бірақ Алланы Жәннатта тек мүмін ғана көреді» - деңіз. Ол осы жауабыңыздың нәтижесінде Жәннатқа да ұмтылыс алады.

материал «Балалардың имани сұрақтары» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: