08
Сәрсенбі,
Қаңтар

һижри

Алланың жасыруы болмаса, бәріміз бір-бір күнәһармыз

Алланың жасыруы болмаса, бәріміз бір-бір күнәһармыз

Ислам тарихы

Сахаба Мәғиз зина жасап қойған кезде досы Һузалға барып өзінің күнәға ұрынып, жаңылыс қадам басқанын жеткізеді.

Һузал Мәғизге уағыз да айтпай, тәубеге де шақырмай, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) бар деп айтады. Һузал Пайғамбарымызға (с.ғ.с) келіп болған жайтты баяндап береді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) үш рет айып іздегенімен де Мәғиз қателігін мойындай береді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) – қазы. Ал қазы шариғат заңын өзгерте алмайды. Мәғизге зина жазасы орындалады. Біраз уақыттан кейін Һузалға кезігіп қалған Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

– Оның айыбын жасыруың қайырлы еді. Оған ештеңе демегеніңде, мүмкін тәубе етіп, Алла тәубесін қабыл алатын еді, - дейді.

Қателігіңді ешкімге мақтанып та, шағымданып та айтпа. Мақтанып айтсаң сол күнәны қайта жасағандай күнәң көбейіп кетеді. Ал шағымданып айтсаң, Алланың бекіткенін өз қолыңмен өзің ашқан болып саналасың.

Адам қанша қателікке ұрынса да Алла жасырып, кешіріп жібереді. Ондай адамға Алланың мейірімі мен кешірімін айт. Тәубеге шақыр. Алланың жасыруы болмаса, бәріміз бір-бір күнәһармыз. Адамдардың айыбын іздеме, болмаса Алла да сенің айбыңды ашып қояды.

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: