26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Астана қаласында дін мен дәстүр бағытында келіндер сайысы өтті

Астана қаласында дін мен дәстүр бағытында келіндер сайысы өтті

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр» бағыты аясында елорда мешіттерінің әйел жамағаты арасында «Қазақтың келіндері-ай!» сайысы өтті.  

Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Aq meshit» мешітінде өткен бабадан мұра боп келе жатқан рухани құндылықтарымызды бейнелейтін шараға ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы, Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, елорда мешіттерінің әйел жамағаты қатысты. 

Сондай-ақ, қазылар алқасы құрамында Республикалық Бас мешіттің ұстазы Қарлығаш Мәлікқызы, Астана қаласы қыздар медресесінің ұстазы Жаңагүл Далагүлова және Бейсекүл Үкімбаева есімді ақ жаулықты әжелеріміз төрелік етті.

Бағзыдан жалғасып, бүгінге дейін тізбектеліп жеткен қазақ келіндеріне тән әдеп пен иба, үлкенге деген құрмет пен сыйластық, әдет-ғұрыпқа деген беріктікті насихаттайтын сайыста қатысушы қыз-келіншектер бар өнерін ортаға салды.

Шара барысында «Бастаңғы», «Бесікке салу», «Келін көңілі», «Құрсақ шашу», «Өңіржиек тағу», «Сәлем салу», «Табақ сәлемі», «Тұсау кесу» сынды жөн-жоралғылар орындалып, жеңімпаздар анықталды. 

Бөлісу: