19
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Адамды кішіпейіл қылмаған білімнің несі білім?

Адамды кішіпейіл қылмаған білімнің несі білім?

Ислам тарихы

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларына былай дейді:

– Жүрегінде тозаңның түйіріндей тәкаппарлығы болған адам жәннатқа кірмейді!

– Уа, Алла Елшісі! Адам үсті-басының жақсы болғанын қалайды ғой? - деп сұрайды бір кісі.

– Алла – Көркем. Көркемдікті сүйеді. Тәкаппарлық – ақиқатты мойындамау, адамдарды менсінбеу! - дейді Пайғамбарымыз (с.ғ.с).

Мансабы, малы, дипломы бар кейбіреу өзін бәйбішенің баласындай сезініп, басқаларды тоқалдың баласындай көреді. Қасыңнан өтсе сәлем бермейді, сәлем берсең мұрнын шүйіріп жауап бермейді.

Адамды кішіпейіл қылмаған білімнің несі білім? Несі нұр?

Ібіліс ең білімді жаратылыс еді. Түбіне тәкаппарлығы жетті. Қарынбай әлемдегі ең бай адам еді. Тәкаппарлығы оны да құрдымға кетірді. Кішіпейіл болайық! Кішіпейіл болған сайын Алла абыройымызды асқақтата береді.

материал Аслан Орақбайдың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: