19
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Сирия туралы Астана процесінің 7-раунды қорытындыланды

Жаһан
Жарнама

Сирия жөніндегі Астана процесінің 7-раунды Иранның, Ресейдің және Түркияның ортақ мәлімдемесімен аяқталды. Кепілгер елдердің атынан сириялық жанжалды кешенді реттеу мәселелері көрсетілген қорытынды құжатты Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ұсынды.

Мәлімдемеде деэскалация аймақтары жұмыс жасай бастағаннан бері терроризмге қарсы күресте және ИГИЛ/ДАИШ, «Джабхат ан-Нусры» және басқа да террористік топтарды жоюда қол жеткізген жетістіктер аталған. Құжат Женевадағы БҰҰ қолдауымен саяси реттеуді ілгерілетуге бағытталған күш-жігерді жандандыруға, сондай-ақ Ұлттық диалог конгресін Женева үдерісіне сәйкес өткізу туралы ресейлік бастаманы қарастыруға шақырады. Халықаралық гуманитарлық көмек көрсетуді күшейтудің және ұсталғандарды босату, өлі денелерді қайтару мен жоғалған адамдарды іздестіру сияқты сенім шараларын кеңейтудің маңыздылығы аталды.

Қабылданған құжатқа түсініктеме берген ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бұл жолғы отырыста талқыланған мәселелердің барлығы да тараптар үшін маңызды екенін айтты.

«Қол жеткізілген барлық келісімдер толығымен орындалатына сенеміз. Күн тәртібіндегі әрбір мәселе, соның ішінде кепілге алынғандар, ұсталғандар, хабарсыз жоғалған адамдар, гуманитарлық минасыздандыру және Астанадағы келіссөздердің жетінші раундында талқыланған басқа да мәселелер барлық тараптар үшін өте маңызды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астаналық процесті толығымен қолдайды және Женевадағы келіссөздер мазмұнды өтетініне сенеді" деді министр.

Пленарлық отырысқа дейін Қазақстан Президенті Н.Назарбаев кепілгер, байқаушы және БҰҰ елдері делегацияларының басшыларын қабылдады.

Мемлекет басшысы бүкіл әлем қоғамдастығы Сириядағы қақтығысты тез арада шешуге жоғары қызығушылық білдіретінін атап өтті. Президент атысты тоқтату режимін нығайту, гуманитарлық жағдайды жақсарту және жан-жақты саяси реттеудің маңыздылығын атап өтті.

30-31 қазанда Астанада Иран, Ресей және Түркия сияқты атысты тоқтату режимінің кепілгер елдері делегацияларының, Сирия үкіметі мен қарулы оппозициясының, БҰҰ, АҚШ пен Иорданияның жоғары өкіледерінің қатысуымен Сирия бойынша халықаралық жоғары деңгейдегі кездесу өткен болатын. Тараптар Астаналық процестің аясындағы кезекті сегізінші кездесуді 2017 жылы желтоқсан айының екінші жартысында өткізуге уағдаласты, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі.

http://kazislam.kz

Бөлісу: