Сауд Арабиясы радикализмнің алдын алу үшін саяси қайта құрылымдау реформасын қолға алады. Мұрагер ханзада әрі елдің қорғаныс министрі, вице-премьер Мұхаммед бин Салманның өзі дәстүрлі Исламға оралатындарын жария етті.
Бұл жайында «әл-Арабия» ақпарат көзі хабар таратты.«Біз бұрынғы қалпымызға қайта ораламыз – дәстүрлі исламға. Біз экстремистік идеяға тағы 30 жылымызды сарп етпейтін боламыз, біз оны жоямыз», – деп мәлімдеді ол. Айта кетейік, 1992 жылы қабылданған конституцияға (осы елдің негізгі низамы) сәйкес Сауд арабиясының діні – Ислам, конституциясы – Құран мен Сүннет болып бекітілген.