26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Н.Назарбаев: «Терроризмді ақтау үшін исламды желеу ету – дінге жасалған қиянат»

Ел іші
Жарнама

Ислам дінін терроризм мен экстремизмнің кез келген формасын ақтау үшін пайдалану әрекеті – дінге жасалған қиянат, қорлаушылық. Бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі аясындағы Дін лидерлерінің Кеңесінің ІІ отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  осылай деп мәлімдеді деп хабарлайды E-islam.kz.

«Бүгінгі әлемде діндер мен дін қызметкерлеріне қарсы  толассыз шабуылға толып кеткенін көрмей қалуға болмайды. Жалпы діндердің барлығы да сабырлылыққа, шыдамдылық пен ұстамдылыққа шақыруады, адамдар арасында алауыздықты тоқтатып, бейбітшілік пен келісімге үндейді. Әлемнің басқа діндері секілді ең толерантты діннің бірі де - ислам. Исламды терроризм мен экстремизмнің кез-келген формасын ақтап алу үшін пайдалануға ұмтылу көріністері де орын алып отыр. Бұл - дінді қорлаушылық. Мен бүгінгідей күрделі заманда барлық дін қайраткерлерін өздерінің уағыздарында бейбітшілікке, толеранттылық пен кешірімге шақыруды еселеуге үндеймін. Бірлікті сақтап, оны бағалайтын кез-келген халық өлмейді, ол ұлы халық», - деді Н. Назарбаев. Елбасы өз сөзінде Қазақстан халқы өзінің бірлігі арқасында дамып, тыныштық пен ынтымақты ту етіп отырғанын жеткізіп, барша дін өкілдерінен ортақ құндылықтар үшін бірлесе қызмет етуге шақырды.

ummet.kz-ақпарат

 
Бөлісу: