26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Елбасы «Жасыл белдеуді» аралады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың «жасыл белдеуін» құрайтын орман алқабын тікұшақпен қарап, алқапты жаяу аралап шықты. «Жасыл белдеудің» жай-күйімен танысқаннан соң орманды алқапқа қырғауылдарды жіберді.

Мемлекет басшысы Астананың іргетасы қаланған жылдардағы қала климатының шаң-топырақ басып, нашар болғанын еске алды.

«Бүгінде бұл аймаққа еккен алып орман, қала ішіндегі гүлзарлар мен ағаштар Астананың тынысын ашты. Жайқалған орман қаладағы желдің де қауқарын азайтты.  Алғаш рет Астана маңына ағаш егіп, орманды аймаққа айналдырайық дегенде, көпшілігі бұл жерде орман өспейді дегенді айтқан еді. Ғалымдармен ақылдасып, тал-теректі ектік. Нәтижесі, міне, 17 жылдың ішінде жайқалған орманға айналды. Бүгінде қала төңірегіндегі орманды алқаптың аумағы 70 мың гектары алып жатыр. Оның 12 мың гектары - қаланың ішінде. Ендігі мақсат - 2020 жылға дейін 100 мың гектарға жеткізу» деді Елбасы БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.


 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: