25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Еуропалық халал жүйесімен танысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев пен бөлім қызметкері Бахытжан Мұратбеков Еуропа кеңістігіндегі халал өндірісі жүйесімен танысып, әріптестік қатынасты нығайту мақсатында Болгарияға жұмыс сапарымен келді. Бұл жайында Muftyat.kz хабарлайды.

ҚМДБ өкілдері Болгарияның Пловдив қаласында орналасқан халал ет өнімдерін шығаратын «УНИТЕМП» кәсіпорында болып, оның жұмысымен танысты. Жергілікті кәсіпорынды аралап, бизнесті жүргізу барысында шариғат талаптарын қадағалау бойынша тәжірибе алмасты.

Бұл мекеменің ет өнімдері шариғат талаптарына толық сай екендігіне көз жеткізілді. Мәселен, мал сою барысында шариғат ережелеріне жете мән беріп, малды Алланың атымен сою, қаны толық ағып болуын күту және тазалықтың толық сақталуы сияқты процесстердің орындалатыны анықталды.

Аталмыш мекеме Еуропа кеңістігінде 20 жылға таяу жұмыс жасап келе жатқан халал кәсіп орынның бірі. Сонымен қатар, «УНИТЕМП» ЖШС шығаратын ет өнімдері Қазақстанның кейбір облыстары мен қалаларына кеңінен экспортталып келеді.


 

ummet.kz-ақпарат

 

 

Бөлісу: