26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Абақтыдағы ахуалға назар аударды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бас қалада ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен түзеу колонияларында уағыз-насихат жұмыстарын жүргізіп келе жатқан дін мамандарының басқосуы өтті. Бұл жайында Muftyat.kz хабарлады.

Ел өңірлерінен жиылған 40-тан аса имамдар басқосу барысында осы сәтке дейін атқарылған жұмыс жайын талқылап, алдағы жарты жылдықтың жоспарын құрды.

Естеріңізге сала кетсек, бас мүфтидің бастамасымен құрылған аталмыш топ мүшелері әртүрлі режимдегі 50 колонияда уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді. Экстремистік және діни лаңкестік көзқарастағы азаматтарға Хақ діннің ақиқатын түсіндіріп, теріс пиғылды бағыттарынан бас тартқызуда топ мүшелерінің еңбегі ерекше.

Бұл күнгі басқосуға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Әділет министрлігі, Прокуратура мен Дін істері комитетінің мамандарының қатысуы айтулы бағыттағы жұмыстардың салмағын арттырып отыр.

Мамандар абақтыларда арнайы уағыз жүргізетін топ жұмысының тиімділігін арттыру мәселелерін талқыланды. Дін қызметкерлері колония аумағына кірер кездегі кедергілерді тілге тиек етіп, осы турасында өз ұсыныстарын білдірді. Бұған қоса, абақтыларға апарылатын діни кітаптардың ҚМДБ-ның сараптау комиссиясының тексерілуі жайы да сөз болды. Сондай-ақ, кітаптарды түзеу колонияларына жеткізілу мәселесін жолға қою мәселесі де күн тәртібінен қалыс қалмады.

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: