08
Жұма,
Қараша

һижри

Елбасы: "Радикализм - мемлекеттің дамуын тежейді"

Ел іші
Жарнама

"Елбасымен бірге - жаңа жеңістерге!" атты жастар форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев радикализм қауіптері мен зардаптарына да тоқталды. Бұл туралы «E-islam.kz»  хабарлайды.

"Қазіргі заманғы мемлекет зайырлы болуы тиіс. Дәл сондай жағдайда елдің әлеуеті барынша тиімді жүзеге асырылатын болады. Халықаралық кез келген радикализммен, оның ішінде діни асыра сілтеушілік мемлекеттің даму қарқынын тежейді. Себебі біреу ғана. Радикализм қоғамның ешбір саласына пайда әкелмейді. Дамуды тежейтін, артқа тартатын құбылыс», - деген мемлекет басшысы әсіредіншілдіктің зияны қоғам үшін қауіпті екенін ескертті.

Елбасы экономикадағы радикализм ойластырылмаған авантюраларға әкеп соғатынын да айтты. Ал мәдениеттегі радикализм мыңдаған жылдар бойы халықтың рухани құндылығы болған салт-дәстүрге зиянын тигізбек.

"Мұндай елдің иммунитеті әлсірейді, ол «ауыра» бастайды. Сөз діннен бас тарту тұрғысында болып отырған жоқ. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанда 2230 мешіт, 186 православ, 40 католик шіркеуі салынды" деген Мемлекет басшысы радикализмнен нақты салаларға төнер қауіпті екшеп өтті. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: