27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Суат Бейлур: Жастарға жан-жақты көмек көрсетіледі (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Кеше  Түркия үкіметінің жанындағы шетелдердегі түріктер және туысқан халықтар жөніндегі басқармасының Орта Азия және Кавказ елдері бойынша үйлестірушісі Суат Бейлур мырза  ҚМДБ найб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының қабылдауында болды, деп хабарлайды  Muftyat.kz.

Екі жақты кездесу барысында өкілетті маман деңгейінде корпоративтік жұмыс істеу салаларында ынтымақтастық мәселелері сөз болды. Суат Бейлур мырза өз сөзінде Қазақстаннан Түркия мемлекетіне барып оқимын деушілерге жан-жақты көмек көрсетілетінін атап өтті.

Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істері басқармасының соңғы кезде байланысы жылдан жылға артып келе жатқанын айтып, Діни басқарма атынан алғыс білдіріп, қазақы дәстүрге сай қадірлі қонақтың иығына шапан жапты.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: