27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Наиб мүфти: «Қажылар елге белгіленген кестемен оралуда» (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қажылардың Меккеден елге оралу мәселесі бір жолға қойылды. Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз мәлімдеді, деп жазады Muftyat.kz.

«Қажылық миссиясының алдын-ала жүргізген келіссөздерінің нәтижесінде 500 орындық ұшақ қажыларымызға қызмет көрсетуде. Келісім бойынша әуе бағытының жаңа кестесі жасалды. Қазіргі уақытта қазақстандық қажылар Джидда - Алматы бағытымен елге аман-есен оралуда. Қажылық компаниялар Меккедегі отандастарымыздың әуежайға уақытында келу жағын ұйымдастырып жатыр. Жалпы айтқанда, биылғы қажылық маусымы соңына таяп келеді. Қажылар жоспарланған үш рейспен елге оралатын болады» деді наиб мүфти Серікбай қажы Ораз.

Жиын барысында Серікбай қажы Ораз тілшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Наиб мүфти қажыларды тасымалдау жұмысына қатысты шешімін таппаған күрделі мәселелердің жоқ екеніне айта келе, ұшақтардың ұшу кестесі жүйелі түрде орындалып жатқанын жеткізді.



 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: