26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қажылық миссиясы қауіпсіздікті күшейтті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Меккедегі Қазақстан Қажылық миссиясының төрағасы Ғылымбек Мәжиев қажыларға қызмет көрсетуші фирма жетекшілерімен кездесті. Бұл жайында Қажылық миссиясының ақпарат бөлімінен хабарлады.

Кездесу барысында Ғылымбек Мәжиев бас мүфти тапсырмасына орай қауіпсіздік жұмыстарды күшейту мәселесін көтерді. Сонымен қатар сапалы қызмет көрсету деңгейін көтеру үшін қонақ үйлерде берілетін астың санитарлық нормаларға сай дайындалуы, уағыз-насихат, түсіндіру жұмыстарының жүйелі жүргізілуі, қажылардың топпен құлшылық етуі, жерлестеріміздің қолында қонақ үйдің мекен-жайы жазылған арнайы белгінің міндетті түрде болуы, дәрігерлер кезекшілігінің дұрыс атқарылуы, қажылардың күнделікті денсаулығын бақылауы, т.б. мәселелер талқыланды.

«Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қажылық маусымын жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін жыл сайын арнайы Миссия құрамын бекітіп, білікті мамандарды жіберіп отырады. Қажыларымызға жүйелі уағыз айтылып, дәрігерлердің медициналық тексеруін күн сайын қадағалап отыруына көңіл бөліңіздер. Сонымен қатар қауіпсіздік шараларына аса мән берулеріңізді талап етеміз» деді кездесуде Қажылық миссиясының төрағасы Ғылымбек Жәдігерұлы.

Айта кетейік, бүгінде Мекке қаласында қажылық фирмалардың қызмет сапасын айқындау мақсатында Миссия тарапынан қажылар арасында арнайы сауалнама жүргізілуде. Ғ.Мәжиев сауалнамада көрсетілген шағымдар мен өтініштер бойынша қажылық компанияларына арнайы шаралар қабылданатынын қаперге салды.

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: