27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Әбіқаев терроризмге қарсы жедел әрекет етуге шақырды

Ел іші
Жарнама

Бүгін Астанада ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевтың жетекшілігімен Антитеррорлық орталықтың отырысы өтті, деп хабарлайды E-islam.kz порталы. ҰҚК төрағасы өз баяндамасында терроризм қаупіне жедел әрекет етуге әзір болу керектігін айтты.

Жиын барысында террористік мақсатта ауылшаруашылық тыңайтқыштары мен жарылғыш заттарының қолды болмауын қатаң бақылау және осы бағыттағы заңнамалар аясында атқарылуы тиіс шаралар жайы да талқыланды.

«Бүгінде халықаралық сипат алған терроризм мен экстремизм қаупінен қорғану үшін мемлекет пен қоғам тарапынан бірлескен жүйелі жұмыстар жүргізілуі керек. Кез келген уақытта терроризмнен туындайтын қауіп-қатерге қарсы қарулы күштер мен арнайы қызмет өкілдері дайын болуы тиіс» дейді Н.Әбіқаев. 

Анитеррорлық орталық отырысына Бас прокуратура, мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган басшылары қатысты. Жиын қорытындысы бойынша хаттама шешімі қабылданды.

Еске сала кетсек, маусым айында ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, ұлттық қауіпсіздік саласында, сондай-ақ терроризм мен экстремизмге қарсы жүзеге асырылатын жұмыстар жайын баяндаған болатын.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: