28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Мешітімізде Хатым дұғасы жасалды (ФОТО+ВИДЕО)

Мешітімізде Хатым дұғасы жасалды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

1 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешітінде Қадір түнінде көпшілікпен бірге Хатым дұғасы жасалды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Рамазан – Құран айы. Яғни, Құран Кәрім көптеп оқылып, құндылықтары жаңғыратын рухани мезгіл. Осыған орай, ел мешіттерінде қасиетті айда Тарауық намазында Құран Хатым жасау үрдісі қалыптасқан.

«Нұр Астана» мешітінде ай бойы төрт бірдей білікті қари Құран Хатым оқыды. Атап айтқанда, «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы, білікті қари Әділхан Серікбай, Республикалық Құран жарысының жүлдегері, Малайзиядағы 70 мемлекет арасында өткен Құран жарысында алғашқы үздік ондыққа кірген Шоқан Уәлиев, Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан VІІ республикалық Құран жарысында «30 пара Құранды жатқа оқу» бойынша бас жүлдені алған Нағим қари Серікұлы, екі қирағаттан ижаза алған «Нұр Астана» мешітінің азаншысы Салман қари Әбдіхафизұлы қатарлы танымал қарилар тарауық намазында Құранды бастан-аяқ оқып шықты.

Ай бойы Тарауық намазында оқылған Құран Хатым қасиетті кеште аяқталып, жамағатпен бірге Хатым дұғасы жасалды. Бас имам Асқар Мұқанов пен қарилардың қатысуымен Хатым дұғасы жасалып, еліміз бен жерімізге бақ-береке, ырыс-құт, ел халқына тыныштық, әрбір ағайынға екі дүниенің жақсылығын тіледі.

Сонымен бірге, мешіт ұжымы қариларға арнайы алғыс айтып, жамағаттың атынан иықтарына шапан жапты. 

13

9

10

18

21

23

23

23

23

23

23

23

23

23

23

23

23

35

Бөлісу: