28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Шәкірттер арасында сенім мәселесі бойынша жарыс өтті

Шәкірттер арасында сенім мәселесі бойынша жарыс өтті

Мешіт тынысы
Жарнама

1 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешітінің жанындағы сауат ашу курсының шәкірттері арасында сенім мәселесіне қатысты білім сайысы өтті, деп хабарлайды ummet.kz сайты.

Сауат ашу курстарының жұмысын жандандырып жат ағымның алдын алу – ел мешіттерінің маңызды бағыттарының бірі.

Шәкірттерге дұрыс сенімді насихаттай отырып, жат ағымның жетегінде кетуден сақтандыру, жат ағымның алдын алу мақсатында «Нұр Астана» мешітінің шәкірттері арасында имам Тахауидың «Таным тұғыры» кітабынан, екі кезеңнен тұратын «Сеніміңе селкеу түспесін» атты білім сайысының ақтық бәсекесі өтті.

Шараның басталуында сөз алған бас имам Асқар Мұқанов шәкірттерге сайыстың мәні мен маңызына тоқталды:

«Нұр Астана мешіті ел мешіттерімен бірге сауат ашу курсының шәкірттеріне ҚМДБ бекіткен кітаптар бойынша дәріс беріп, аталарымыз сан ғасырдан бері ұстанып келе жатқан сенім мектебін насихаттап келеді. Бұл бүгінгі күннің маңызды мәселесі болған жат ағымның алдын алуда да өзіндік пайдасын тигізуде», - деді Асқар Әбітайұлы.

Сонымен бірге білім бәсекесінің биік деңгейде өтуіне тілектестік білдіріп, әділқазылар алқасын таныстырды. Білім сайысына ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Алтынбек Ұтысханұлы, Астана қаласы Дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы Жабал Долиев, Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазанов, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Асқар Мұқанов сынды елімізге танымал теолог ғалымдар мен білікті мамандар қазылық жасады.

Білім жарысына 26 ақпанда өткен іріктеу сайысынан жүзден жүйрік шыққан 6 шәкірт қатысты.

Шәкірттер жұма күні жиналған жамағаттың алдында «Таным тұғыры» кітабынан және ұлттық дүниетанымымыз бен бүгінгі замандағы діни сенімге қатысты өзекті сауалдар бойынша сайысқа түсті.  

Әділқазылар шешімімен өзінің білімділігін танытып, І орын және 50,000 теңгені Сыдықов Бегім есімді шәкірт жеңіп алды. ІІ орын және 30,000 теңге ақшалай сыйлықты Байбосынов Мәлік еншілесе, ІІІ орын мен 20,000 теңге ақшалай сыйлық Боранбек Айдарбек бауырымызға бұйырды. Ал, Құрбаналиев Майсалбек, Сабырбаев Азамат, Смағұлов Дастан қатарлы шәкірттер ынталандыру сыйлығымен марапатталды және ақшалай сыйақылар берілді.

Осылайша, мешітіміздегі сауат ашу курсының сенім мәселелесіне қатысты екі кезеңнен тұратын білім сайысының ақтық кезеңі өз мәресіне жетті.

Барлық суреттерді біздің «ФОТОГАЛЕРЕЯ»» айдарынан көре аласыздар.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

 

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: