28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

«Нұр Астана» мешітіне Бас имам тағайындалды

«Нұр Астана» мешітіне бас имам тағайындалды

Мешіт тынысы
Жарнама

26 қазан. АСТАНА. Ummet.kz - «Нұр Астана» мешітіне Бас имам тағайындалды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен Мұқанов Асқар Әбітайұлы Астана қаласындағы "Нұр Астана» мешітінің Бас имамы қызметіне тағайындалды.

Мұқанов Асқар Әбітайұлы 1984 жылдың 4 мамырында Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында дүниеге келді.

2005-2013 жылдары аралығында Египет Араб республикасы Каир қаласы Әл-Азһар ислам университетінде Шариғаттану мамандығы бойынша бакалаврды тәмамдады. Ал, қосымша оқу жылдарында ҚР-ның Египет Араб Республикасындағы елшілігінің тағайындауымен ҚР-ның Мысырдағы студенттерге жауапты староста қызметін атқарды.

Діни білімін жетілдіріп, 2014-2016 жылдары «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде исламтану мамандығы бойынша магистратураны оқыды.

2014 жылы Мәскеу қаласындағы «Терроризм мен экстремизмнің алдын алу жолдары» мақсатында өткен 2 апталық семинарға қатысып, сертификат алды.

2015 жылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында саясаттану және әлеуметтану пәндерінен 1 апталық семинарда біліктілік арттырды.

Қызмет жолын 2010 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр медресесінде ұстаз болып бастады.

2013-2015 жылдары Алматы қаласы, Бостандық ауданы, «Орбита» мешітінде наиб имам қызметін атқарды.

2013-жылдан бері ҚМДБ-ның жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) тұрақты мүшесі. Бұл қызметте ол еліміздегі теріс ағымдарды алдын алу мақсатында 8 облыс пен 30-ға жуық ауданда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

2014-2015 жылдары «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде тәрбиеші ұстаз болып жұмыс істеді.

2015 жылдың қарашасынан Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб имам қызметін сауат ашу курсы, теріс ағыммен күрес бағыттары бойынша белсенді қызмет атқарды.

2017 жылдың мамыр-желтоқсан аралығында «Әлжан ана» мешітінің Бас имамы қызметін атқарды.

2017 жылдың қазан айынан «Әлжан ана» мешітінің жанынан ашылған «Имамдардың білімін жетілдіру және кәсіби қайта даярлау» Республикалық орталығының директоры қызметінде.

2017 жылдың 15-желтоқсанынан 2018 жылы 22-қазанға дейін ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі қызметін атқарған.

Бөлісу: