21 қыркүйек. АСТАНА. Ummet.kz - Бас мүфтидің тапсырмасымен Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бөлім жетекшілері мен бірқатар аудандардың бас имамдары Астана қаласына іс-сапармен келді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.
Астана форуымда қабылданған «ХХІ - ғасырдың үздік зияткер имамы» жобасын дамыту, Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен Астана қаласы бойынша өкілдігі арасында әріптестік қарым-қатынасты нығайту, діни жұмыстарды жан-жақты дамыту мақсатында шымкенттік әріптестер Елорда мешіттерінде іс сапарда болды.
Шымкент қаласы бойынша өкіл имам Бақтыбай Бейсенбаевтың бастамасы аясында түрлі салаға жауапты Шымкент қаласы бойынша өкіл имам орынбасарлары Мұхамеджан Естеміров, Әділхан Сертай, Иса Яхяев және «Шымкент» медресес-колледжінің директоры Талғат Әсембай, Әл-Фараби аудандық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдаулет Абдурахманов, Абай аудандық «Абдурахман» мешітінің бас имамы Қазыбек Сарыбаев, Еңбекші аудандық «Әл-Біләл» мешітінің бас имамы Дәулет Туленов және жастар ісі бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы, сайт жетекшісі Абзал Жауһаровтар келді.
Алдымен Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінде болды. ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкіл имамы, мешіттің бас имамы Асқар Мұқанов қабылдап, өкілдік тарапынан жасалып жатқан жұмыстары туралы тәжірибесімен бөлісті. Діни қызметті жүйелеу, екі жақты әріптестік бойынша бірқатар ойларымен бөлісті.
Осыдан кейін әрбір салаға жауапты «Нұр-Астана» орталық мешітінің наиб имамдарының деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселелері, жеке кездесулер, уағыз-насихат, зекет, қайырымдылық шаралар мен діни сауат ашу жұмыстары, жастар ісі мен халал ісі бөлімінің атқарып жатқан жұмыстары бойынша ойларын ортаға салып, қос тарап өзара ой ортақтастырды.
Шымкенттік әріптестер өкілдікке қарасты ummet.kz сайтының редакциясы, «Астана» медресе-коллежі мен «Әл-Ғани», «Сәдуақас қажы Ғылмани», «Ырыскелді қажы» мешіттерінде болып, аталған орындардың жұмыс тәжірибелерімен танысып, Елордадағы діни қызметтің қыр-сырына қанықты.
ҚМДБ-ның өңірлік өкілдіктерінің жұмысын жандандырып, діни жұмысты жетілдіру үшін тұңғыш рет ұйымдасытырылып отырған іс-шараның маңызы айырықша болмақ.