29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Астана жұртшылығы құрбан айт мерекесін тойлауда (ФОТО+ВИДЕО)

Астана жұртшылығы құрбан айт мерекесін тойлауда (ФОТО+ВИДЕО)

Мешіт тынысы
Жарнама

21 тамыз. АСТАНА. Ummet.kz – Астана жұртшылығы Айт намазын оқыды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Бүгін күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Құрбан айт басталды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен таңғы сағат 7:00-де өкілдікке қарасты Астана мешіттерінде айт намазы оқылды.

Таң сәріден ұлық мерекеде ізгі ниетімен, мешітке ағылған астаналықтар сүннетке амал етіп, хош иіс себініп, әсем киініп, қуанышты көңіл-күймен жүрді.  

«Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Ербол Мәмбетов жиналған жамағатқа Құрбан айт мейрамының қадір-қасиетін, құрбандық шалудың әдебін түсіндіріп, мерекелік уағыз, насихат айтты.

ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Асқар Әбітайұлы барша жұртты мүбәрак мейраммен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

«Бұл күндер шамасы жеткен әрбір мұсылман баласы құрбан шалып, өзінің бойұсынуы мен шүкіршілігін әйгілейтін, тақуалық амалдар жасайтын күндер. Ендеше, бұл күндерді барынша жақсылықтармен безендірмек керек. Құрбан айттарыңыз қабыл болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, ел іргесі бүтін болғай! Шалған құрбандықтарыңызды Алла қабыл айласын!», - деп ақжарма тілегін білдірді.

Одан кейін жамағат орталық мешіттің бас имамына ұйып, мерекелік айт намазын оқыды. Жамағат Алла тағаланы тәкбірмен ұлықтап, Айт намазының құтпасына қатысты. Намаздан соң бауырлар бір-біріне құшақ жайып, «Алла қабыл етсін!» деп дұға-тілек жасады. Мешіт ақсақалы ортаға шығып ақ батасын берді.

«Нұр Астана» орталық мешітіндегі Құрбан айт мейрамы ары қарай «Мейірімділік мекені» қайырымдылық жәрмеңкесі мен ұлттық спорт шараларына ұласты.

Айта кетейік, бұл мерекеде екі амал орындау шарт: айт намазын оқу мен құрбан шалу. Биыл қала бойынша құрбан шалу рәсімі арнайы белгіленген 7 орында өтеді. Әр орында қасапшылар мен дұға жасайтын имамдар бар. Құрбан айттың үш күнінде ренжіскендермен татуласып, жастар үлкендердің үйлеріне сәлем бере барса, молынан сауап алады делінеді.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

11

11

11

11

11

11

11

11

11

11

11

11

IMG 9292

11

IMG 9286

11

11

IMG 9269

IMG 9270

IMG 9277

 

IMG 9344

IMG 9320

11

11

11

IMG 9313

11

11

IMG 9298

11

11

11

11

11

11

Бөлісу: